Азретбергенова Гулмира Жарылхасыновна
э.ғ.к., кафедра меңгерушісі

Қаржы және аудит кафедрасы

«Қаржы және аудит» кафедрасы 1994 жылы «Халықаралық экономикалық қатынастар» кафедрасы ретінде құрылып, 2005 жылдан бері «Қаржы және бухгалтерлік есеп», 2014 жылдан бастап «Қаржы және аудит» деп аталып, әлемдік экономика және халықаралық экономикалық қатынастар, қаржы, есеп және аудит бойынша білікті мамандарды даярлау міндеттерін жүзеге асыруда.
Қаржы және аудит кафедрасының негізгі мақсаты- қаржы органдары мен институттарында, сондай-ақ республика экономикасының нақты секторында бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандарды дайындау болып саналады.
Қазіргі таңда кафедраға э.ғ.к. Азретбергенова Гульмира Жарылқасынқызы басшылық етеді.
Кафедраның ғылыми потенциалының пайыздық көрсеткіші- 45%. Кафедрада 12 ОПҚ бар. Оның ішінде 1 э.ғ.к.,доцент, 4 э.ғ.к., 3 аға оқытушы және 4 оқытушы қызмет атқарады.
Кафедрада 2 бакалавр, 1 магистратура білім беру бағдарламалары бойынша мамандар әзірленеді.

2016-2017 оқу жылындағы Қаржы және аудит кафедрасындағы білім алатын күндізгі бөлім бойынша қазақстандық және шет елден келген студенттердің сандық көрсеткіші:

Есеп және аудит   мамандығы бойынша –34

Қаржы мамандығы бойынша -61

Жалпы студент саны -95

Есепті жылы кафедрадағы  ғылыми-зерттеу жұмыстары индикативті жоспарға сай жүргізілген.

Көптеген көрсеткіштер бойынша, мысалы: ҚР конференцияларында жарияланған мақалалар, ВАК тізіміндегі журналдарда жарияланған мақалалар, SCOPUS  базасындағы журналдарда  жарияланған  мақалалар жоспардан артық орындалған.

Ғылыми семинарлар жылдық жоспар бойынша орындалып хаттамаларда көрсетілген.

2015-2016 жылы кафедрада Өкілетті кеңес  тарапынан қаржыландырылған  «Түркістан қаласында зергерлік саланы дамыту» атты гранттық   жоба бойынша зерттеу жүмыстары жүргізілді. Жоба құны 1000 000тг. Жоба жетекшісі э.ғ.к. Мунасипова М.Е., орындаушылары Әлеуметтік ғылымдар факультетінің оқытушылары Ыдырыс С.С., Әмірбек.А..

Қаржы және аудит кафедрасында тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында іс-шаралармен жоспарларды әзірлеуді қамтамасыз етіп, оның орныдалуы қадағаланады. Тәрбие жұмысы бойынша әдістемелік құжаттарды дайындау, мәдени-тәрбиелік іс-шараларды өткізуді, тағы басқа тәрбиелік мәні бар жұмыстарды ұйымдастыру. Студенттердің бойында Қазақстандық ұлтжандылығы,  азаматтық сана сезімді, төзімділікті, мәдениеттілікті, салауатты өмір салтын ұстануды,  шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асырылуы үшін тиімді тәрбие жүйесін құру. Студенттердің бойындағы рухани – адамгершілік тәрбиенің, құқықтық білімнің, азаматтылықтың, отансүйгіштіктің және   қабілеттіліктерін дамыту басты мақсат болып табылады.

Қаржы және аудит кафедрасының тәрбие жұмысының стратегиясы  студенттердің тұлға ретінде қалыптасу үдерісіне белсенді қатысуына бағытталған. Тәрбие жұмысының негізгі факторлары біріншіден, жоғары оқу орнының өзіндік ұйымдастырылуы, екіншіден ғылым және оқу саласында студенттердің өзін-өзі басқаруын ынталандыру және студенттердің бос уақытын ұйымдастыру.

Осы бағыттағы кафедра мақсаты — жоғары дамыған тұлға тәрбиелеу, сонымен қатар белгілі бір кәсіби салада бәсекеге қабілетті маман даярлау.

Кафедрада студенттермен тәрбие жұмысын жүргізудің кешенді мәселелері сараланып, оларға тәрбие берудің негізгі мақсаты мен міндеті және студенттердің білім алуы барысында тәрбие үдерісін жүзеге асыру бойынша негізгі іс-шаралар мен осы жұмыстарды жетілдірудің жолдары анықталды.

І. ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТТАРЫ

  • Азаматтық-патриотттық.
  • Құқықтық: жастар ортасындағы құқық Құқықтық: жастар ортасындағы құқық бұзушылық және қылмыстың алдын алу;
  • Дене тәрбиесі: спорттың көп түрінің дамуы, әуесқойлық спорттық жарыстарға қатысу, студенттерді бос уақыттарында спортқа ұйымдастыру;
  • Мәдени және шығармашылық: студенттің көркем үйірмелерге, эстетикалық талғамын қалыптастыруын, өз күшімен ұйымдастырылған көркемөнерді дамыту;
  • Әлеуметтік: әлеуметтік серіктестіктердің түсіндіру ұстанымы, студенттердің волонтерлік қозғалысының дамуы және қалыптасуы;
  • Кәсіби тәрбие
  • Адамгершілікті-рухани және мәдени эстетикалық тәрбие воспитание
  • Азаматтық-патриоттық тәрбие
  • Экологиялық тәрбие