6M050800-Есеп және аудит

БІЛІКТІЛІГІ

  • «Есеп және аудит» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы білім берудің мақсаттары:

  • Экономика мен бизнесті басқару аясында мамандардың жалпы мəдени жəне кəсіби біліктілігін қалыптастыру жəне үнемі жетілдіру болып табылады;
  • Білім алушыларды тұлғалық және әлеуметтік жағынан дамытуға, сондай-ақ білім беру үрдісінің әлеуметтік салаларын үйлестіруге бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асыруға және бәсекеге қабілетті халықаралық талаптарға сай кәсіби біліктілігі жоғары мамандарды даярлау

Жалпы білім берудің міндеттері:

  • Есеп жəне аудит саласындағы болашақ мамандардың кəсіби біліктілігін қалыптастыру;
  • Магистранттардың өз бетінше зерттеу жұмыстарымен айналысуының алғышарттарын қалыптастыру;
  • Ғылыми- техникалық, экономикалық ақпаратпен жұмыс жасауға баулу, кəсіби қызметте отандық жəне шетелдік тəжірибені шығармашылықта пайдалану, алынған ақпаратты жүйелеу дағдысын қалыптастыру;
  • Әлеуметтік-жеке қасиеттерді қалыптастыру мен дамыту: мақсаткерлік, еңбек сүйгіштік, жауапкершілік, азаматтық, толеранттық, этикалық нормаларды сақтау, топта жұмыс істеу;
  • Білім беру, ғылыми зерттеу жəне өндіріс үрдістерін интеграциялау.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

  • Бухгалтерлік есептің, аудиттің және экономикалық талдаудың, қаржылық менеджменттің ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді;
  • Тиімді шаруашылық шешімдерін қабылдау мақсатымен басқару және қаржылық талдауды жүзеге асыруды игереді;
  • Экономикалық есептемелерді, бағалауды және талдауды жүзеге асырады;
  • Жаңа ақпараттық құралдар мен олардың қолданылуын меңгереді.

Қолдана білуі:

  • Есеп және аудит саласына қатысты ақпараттарды, игерген білімді кәсіби деңгейде қолдана алуы керек;
  • Ақпараттық жүйелермен жұмыс істей білуі керек;
  • Ғылыми зерттеулерді жобалап, алынған нәтижелерді сыни тұрғыдан қарастырып, статистикалық сараптаудан өткізіп, жарияланымдардың ережелерін білу;
  • Әдістемелік бағыттарды бағалауды, олардың талдауды жүзеге асыру мен экономикалық талдау жүргізуде жаңа әдістерді ұсынуды жасай білу;
  • Кәсіби дәрежеде жоспарлау мен мәселелерді шешу.

Біліктілігі:

  • Ақпараттық құралдарды қолдана отырып, есеп және аудит саласының жедел және ұзақ мерзімді болжамын жасай білуі керек;
  • Экономикалық және басқару шешімдерін қабылдау үшін есеп мәліметтерінің негізінде қорытынды ұсына білу;
  • Базалық теория негізінде, ғылымның ең жаңа жетістіктеріне негізделген бағыт білімдерімен бірге жүйелік білім алу;
  • Бухгалтерлік есеп саласында ғылымның заманауи жағдайын кәсіби талдау, тәжірибе және ғылыми зерттеуде терең біліммен игеру.

Құзіреттілігі:

Мамандықтың арнайы құзыреттері Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес жұмыс берушілердің, профессор-оқытушылар құрамының, бітірушілер мен қоғамның әлеуметтік сұраныстары ескеріле отырып анықталады.

Мемлекеттік міндетті модуль

  • Ғылымның тарихы және философиясы
  • Шетел тілі (кәсіби)
  • Психология
  • Педагогика

Кәсіби міндетті модулі

  • Бухгалтерлік есеп теориясы мен әдістемесі, қазіргі заманғы тенденциялар
  • Тереңдетілген қаржылық есеп

Кәсіби элективті модуль 

  • Тереңдетілген басқарушылық есеп
  • Экономиканың нақты секторындағы субъектілерде есеп пен есептілікті ұйымдастыру
  • Жетілдірілген шығындарды есепке алу
  • Мемлекеттік қаржылық бақылау және аудит
  • ДСҰ шарттарындағы қаржылық есептілік
  • Салықтық аудиттің теориясы мен әдістемесі
  • Қаржылық есептілік аудитінің әдістемесі
  • Стратегиялық басқарушылық есебі
  • Шоғырландырылған қаржылық есептілік
  • Бизнес талдаудың теориясы мен әдістемесі
  • Инвестициялық және инновациялық жобалардың есебі мен есептілігі
  • Активтер мен пассивтерді басқарудың тиімділігін талдау және мониторинг

ЖБТ 1 Бухгалтерлік есеп жүйесін зерттеу

Модуль- Ғылыми зерттеу

  • Ғылыми зерттеуді жоспарлау және ұйымдастыру
  • Магистрлік диссертация жазу мен дайындаудың әдістемелік негіздері 

Модуль- Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

  • Қаржылық есеп пен есептіліктің перспективалық сұрақтары
  • Экономикалық зерттеулер әдістемесі

ЖБТ 2 Аудит және талдау

Модуль-  Экономикалық талдау

  • Кешенді экономикалық талдау
  • Стратегиялық талдау 

Модуль- Аудит

  • Аудиттің халықаралық стандарттары, оларды Қазақстанда қолдану тәжірибесі
  • Халықаралық аудиттің теориясы мен тәжірибесі

Кәсіби тәжірибе

  • Педагогикалық (3 — апта) (үздіксіз) — 4курс
  • Зерттеушiлік тәжірибе (6 — апта) І — 2 курс
  • Зерттеушiлік тәжірибе (6 — апта) ІІ — 4 курс

Ғылыми зерттеу жұмысы

  • Магистрлік диссертацияны орындауды қоса есептегендегі магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (үздіксіз) — 1-2-4 курс
  • Магистрлік диссертацияны орындауды қоса есептегендегі магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы ІІ — 3 курс

Қорытынды аттестация

  • Кешенді емтихан
  • Магистрлік диссертацияны рәсімдеу және қорғау (МДРҚ)

Іс тәжірибеден өту базалары

  • Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтериясы
  • Ұйымдардың қаржы бөлімдері
  • Аудиторлық ұйымдар
  • Мемлекеттік кәсіпорындар
  • Банктер және басқа да несиелеу мекемелері
  • Қазынашылықтар
  • Жоғары оқу орындары
  • Арнайы оқу орындары
  • Консалтингтік ұйымдар
  • Мемлекеттік кіріс басқармалары

Қысқа мәлімет

Мамандығы

Есеп және аудит

Мамандық шифры

6M050800

Факультеті

Әлеуметтік ғылымдар

Оқу деңгейлері

Жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм

Оқу түрлері

Күндізгі

Оқу ақысы

ҚР азаматтары үшін

(тенге):

380 000 тг.

Шетелдік азаматтар үшін

(тенге):

500 000 тг.