5В050800-Есеп және аудит

БІЛІКТІЛІГІ

«Есеп және  аудит» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы білім берудің мақсаттары:

  • Экономика мен бизнесті басқару аясында мамандардың жалпы мəдени жəне кəсіби біліктілігін қалыптастыру жəне үнемі жетілдіру болып табылады;
  • Білім алушыларды тұлғалық және әлеуметтік жағынан дамытуға, сондай-ақ білім беру үрдісінің әлеуметтік салаларын үйлестіруге бағытталған кәсіби қызметті жүзеге асыруға және бәсекеге қабілетті халықаралық талаптарға сай кәсіби біліктілігі жоғары мамандарды даярлау;

Жалпы білім берудің міндеттері:

  • Есеп жəне аудит саласындағы болашақ мамандардың кəсіби біліктілігін қалыптастыру;
  • Студенттердің өз бетінше зерттеу жұмыстарымен айналысуының алғышарттарын қалыптастыру;
  • Ғылыми- техникалық, экономикалық ақпаратпен жұмыс жасауға баулу, кəсіби қызметте отандық жəне шетелдік тəжірибені шығармашылықта пайдалану, алынған ақпаратты жүйелеу дағдысын қалыптастыру;
  • Әлеуметтік-жеке қасиеттерді қалыптастыру мен дамыту: мақсаткерлік, еңбек сүйгіштік, жауапкершілік, азаматтық, толеранттық, этикалық нормаларды сақтау, топта жұмыс істеу;
  • Білім беру, ғылыми зерттеу жəне өндіріс үрдістерін интеграциялау.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

  • Бухгалтерлік есептің, аудиттің және экономикалық талдаудың, қаржылық менеджменттің ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді;
  • Тиімді шаруашылық шешімдерін қабылдау мақсатымен басқару және қаржылық талдауды жүзеге асыруды игереді;
  • Экономикалық есептемелерді, бағалауды және талдауды жүзеге асырады;
  • Жаңа ақпараттық құралдар мен олардың қолданылуын меңгереді.

Қолдана білуі:

  • Студент нарық коньюктурасын ескере отырып, есеп және аудит саласына қатысты ақпараттарды, игерген білімді кәсіби деңгейде қолдана алуы керек;
  • Активтердің бар болуы мен қозғалысының есебі бойынша жұмыстар орындауды, салықтар мен басқа міндетті төлемдердің сомаларын есептеу, зерттеу, болжау;
  • Ақпараттық жүйелермен жұмыс істей білуі керек.

Біліктілігі:

  • Ақпараттық құралдарды қолдана отырып, есеп және аудит саласының жедел және ұзақ мерзімді болжамын жасай білуі керек;
  • Экономикалық және басқару шешімдерін қабылдау үшін есеп мәліметтерінің негізінде қорытынды ұсына білу

Құзіреттілігі:

Мамандықтың арнайы құзіреттері Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес жұмыс берушілердің, профессор-оқытушылар құрамының, бітірушілер мен қоғамның әлеуметтік сұраныстары ескеріле отырып анықталады.

Мемлекеттік міндетті модуль

  • Қазақстан тарихы
  • Кәсіби мақсаттарға арналған ақпараттық технологиялар
  • Түрік (қазақ) тілі – (Деңгей 2)*
  • Философия

Коммуникативтік  модуль

  • Қазақ (орыс) тілі*
  • Ағылшын тілі – (Деңгей 1)*
  • Ағылшын тілі – (Деңгей 2)*
  • Түрік (қазақ) тілі – (Деңгей 1)*

Базалық кәсіптендіру модулі

Модуль  —  Экономикаға кіріспе

  • Экономикадағы математика
  • Экономикалық теория
  • Экономикалық ілімдер тарихы

Модуль — Бухгалтерлік есептің негіздері

  • Бухгалтерлік есеп негіздері
  • Бухгалтерлік есеп принциптері

Модуль — Микро-макроэкономикаға негіздері I

  • Микроэкономика I
  • Макроэкономика I

Модуль — Қаржы және бухгалтерия

  • Қаржы
  • Бухгалтерлік есеп I

Модуль – Қаржылық есептіліктегі аудит және статистикалық қызмет

  • Статистика
  • Қаржылық есеп І
  • Аудит I

Модуль — Менеджмент және маркетинг

  • Менеджмент
  • Маркетинг
  • Экономиканы мемлекеттік реттеу

Модуль – Басқару есебін ұйымдастыру және аудиторлық тексеру

  • Басқару есебі І
  • Қаржылық есеп ІІ
  • Аудит II

Модуль – Бухгалтерлік қызмет пен салық салу

  • 1С бухгалтерия есебі I
  • Бухгалтерлік есеп IІ
  • Салық және салық салу І

Модуль – Салық салуды ұйымдастыру мен есептілік деңгейлері

  • Салық және салық салу ІІ
  • Басқару есебі ІІ
  • Бухгалтерлік есеп IІІ
  • Ұлттық шоттар жүйесі

Модуль  –Бухгалтерлік және өндірістік есеп пен салық салуды ұйымдастыру

  • Бухгалтерлік есеп IV
  • Өндірістік есепті ұйымдастыру
  • Салық және салық салу ІІІ

ЖБТ 1

Экономика салаларындағы бухгалтерлік есеп

Қаржылық есептің халықаралық стандарттары және есептілікті талдау

  • Халықаралық қаржылық есеп стандарттары
  • Қаржылық есептілікті талдау

Салалардағы бухгалтерлік есеп

  • Сауда саласындағы бухгалтерлік есеп
  • Туризм және мейманхана бизнесіндегі бухгалтерлік есеп
  • Құрылыс саласындағы бухгалтерлік есеп

ЖБТ 2

Экономика салаларындағы аудит

Аудиторлық тексеру стандарттары мен талдау

  • Аудиттің халықаралық стандарттары
  • Қаржылық талдау

Салалардағы аудиторлық тексерулер

  • Салықтық аудит
  • Банктік аудит
  • Қаржы саласындағы аудит

Тәжірибе

1 курс Оқу тәжірибесі I  (3 апта)

2 курс Өндірістік тәжірибе I (2 апта)

3 курс Өндірістік тәжірибе II (3 апта)

4 курс Өндірістік тәжірибе III (10 апта)

Дипломалды тәжірибе  (5 апта)

Келісім шарттар жасалынған ұйымдар мен мекемелер:

  • «Кредит коллекшн груп» ЖШС
  • ОҚО Созақ ауд. Таукент қ. «Казатомпром-Sauran» ЖШС
  • Шымкент қ. «Саулет-бетон» ЖШС
  • Қызылорда қ. «Кумколь -Сервис» ЖШС
  • Түркістан қаласы сазды драма театры
  • Түркістан қ Оранғай ауылдық әкімшілігі
  • ОҚО Тарихи мәдени этнографиялық орталық музейі МКҚК
  • Түркістан қ. «Ныш-ер» ЖШС
  • Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ бухгалтериясы
  • Түркістан қ. «Түркістан-Агро несие» микроқаржы ұйымы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
  • Түркістан қ. «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ
  • Алматы қ. «НАХ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
  • Түркістан қ. «Тепловодастройсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
  • Түркістан қ. «Тұрмыстық қызмет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
  • Алматы қ. АҚ «ДБ «КЗИ Банк»
  • ОҚО,Сарыағаш ауданы, «МТПК Оңтүстік Таңы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
  • Тыва Республикасының Халық банкі, Кзыл қ.

Қысқа мәлімет

Мамандығы
Есеп және аудит
Мамандық шифры
5B050800
Факультеті
Әлеуметтік ғылымдар
Оқу деңгейлері
Бiрiншi жоғары бiлiм
Оқу түрлері
Күндізгі
Таңдау пәні
География
Профильдік пәні
Математика
Өту балы
50
Оқу ақысы
343000 тг