6М020100-Философия

БІЛІКТІЛІГІ

  • Философия мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдарының магистрі

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы білім берудің мақсаттары:

  • Жоғары кәсіпті ғылыми-педагогикалық мамандар дайындау;
  • Білім алушылардың өздігінен жетілу және өздігінен дамуын шығару,шығармашылық жаңа білімдерді алуы, өзінің қабілеттерімен және қажеттіліктерін бүкіл белсенді өмір қызметінде меңгеруі;
  • «Философия» мамандығы магистранттарының ғылымдар тоғысында фундаменталды білімдерді қамтамасыз ету, ол өз кезегінде дамушы әлемде кәсіби белсенділікті арта түседі. Магистранттардың өте қажетті және тұрақты білімді меңгеруі, олардың әлемдік ғылым бейнесін толық қабылдауға жол жасауы;
  • Ғылыми-зерттеу жүргізу және ұйымдастыру мүмкіншілігін игеретін, ғылыми жұмысын PhD докторантурада жалғастыруға керекті қажеттіліктерге ие болу.

Жалпы білім берудің міндеттері:

  • Өз-өзін дамытуға, әлеуметтік бейімделуге қабілетті, халықаралық еңбек нарығында
    бәсекелесе алатын жоғары кәсіби мамандарды, сонымен қатар, жалпы және кәсіби
    мәдениетке ие кәсіби элитаны дайындау;
  • Кәсіби мобилділікті қамтамасыз етуші ғылымдардың тоғысында фундаменталды білім алу үшін жағдайлар жасау;
  • Философиялық ғылымдар мен педагогикалық қызмет аймағында теориялық және
    практикалық индивидуалды дайындықты тереңдету;
  • Белсенді өмір сүру барысында магистранттардың дербес те шығармашылықты тұрғыда жаңа білімдерді игеріп алу қабілеттері мен қажеттіліктерін қалыптастыру;
    әлемнің ғылыми бейнесін жалпылай қабылдауды қамтамасыз ететін маңызды және
    тұрақты білімдерді магистранттардың игеруі;

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

  • Қазіргі философияның даму тенденциялары мен басты жетістігін білу;
  • Қайта жасалу процесінің зерттелу әдістерін, әлеуметтік және жеке нақтылықты талдау әдістерін біледі;
  • Ғылыми танымның әдіснамасын; ғылыми қызметті ұйымдастырудың қағидаттары мен құрылымын; оқыту процесінде студенттердің танымдық қызметінің психологиясын; білім берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың психологиялық әдістері мен құралдарын білуі тиіс;
  • Ғылыми зерттеулер жүргізуге және ЖОО-да арнайы пәндер бойынша сабақ жүргізуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндей кәсіптік деңгейде шет тілін еркін меңгереді;
  • Қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасап, шешім қабылдай білуге, бірлескен кәсіптік қызметпен шұғылдануға, топпен  қабілетті қызмет ету, кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін қолдана біледі.

Қолдана білуі:

  • Гуманитарлық және тарихи философиялық білімнің маңызды салалары мен даму
    сатыларын, басты ғылыми мектептер мен ағымдарды, концепцияларды, гуманитарлық білімнің бастауларын және олармен жұмыс жасау тәсілдерін білу керек;
  • Заманауи білім беру мен ақпараттық технологияларды қолдана алуға және ғылыми негізде еңбек ұйымдастыра алуы керек;
  • Адам табиғаты мен қоғамның таным саласында ғылыми-практикалық зерттеулер жүргізуге арналған әлеуметтік теорияларды жасау әдіснамасын білу керек;
  • Мемлекеттер мен аумақтардың әлеуметтік, рухани, білім беру, антропологиялық жағдайын талдау үшін жеткілікті біліктілікке ие болуы керек. 

Біліктілігі:

  • Әлемнің ғылыми, философиялық, діни бейнесі туралы, танымның алуан түрлілігі жайында білу керек; Қоғамда зерттеу жүргізгенде нақты дүнитанымдық зерттеулерді, дәлелді фактілермен жұмыс істеуді, нақты ақпараттарды жинауды, оны өңдеп, іріктеп ғылыми қорытынды шығаруды қажет етеді;
  • Концептуалды ұйымдастырылған және әдістемелік негізделген философиялық, әлеуметтанулық, психологиялық, экологиялық, құқықтық және басқа да білімдер мен әдістерді Кәсіби білім беру мен оларды кәсіби қызметінде пайдалану мақсатында игере білу керек;
  • Қызмет парадигмасының рационалдылық нормалары: мақсаттылық, тиімділік, оңтайлылық және үнемділік туралы түсінігі болуы керек.

Құзіреттілігі:

Болашақ магистр-философтың жаңа проблемалар мен жағдайларды шешуде креативті ойлауы және шығармашылықпен қарауы, философтың кәсіби қызметінің технологиясын қалыптастыруы жұмыс берушілердің  талаптарына сай болуға құзіретті.

Мемлекеттік міндетті модуль

  • Педагогика
  • Шетел тілі (кәсіби)
  • Психология
  • Ғылымның тарихы және философиясы

БЕЙІНДЕУШІ ПӘНДЕР МОДУЛІ 

Кәсіби міндетті модулі 

  • Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
  • Қазіргі заман қазақ философиясы

Кәсіби элективті модулі 

  • Қазіргі кездегі философияның өзекті мәселелері
  • Қазақ философиясының өзекті мәселелері
  • Билік және менеджмент философиясы
  • Аксиология ілімінің философиялық мәселелері
  • Түркі әлеміндегі философиялық мәселелер (Сакария)
  • Ақпарат философияcы (Сакария)
  • Қазіргі заман философиясының жаңа методологиясы
  • Қазіргі философиядағы жалпы мәдениет мәселелері
  • Әлеуметтік қатынас жүйесіндегі миф мәселесі
  • Әлеуметтік философиялық талдаудағы руханилық және интеллект
  • Қазіргі кездегі әлеуметтік философиясының көкейтесті мәселелері

ЖЕКЕ БІЛІМ ТРАЕКТОРИЯСЫНЫҢ МОДУЛЬДЕРІ 

ЖБТ1 Философияның діни және тарихи аспектілері 

Модуль — Философия және дін

  • Діни антропологияның қазіргі жолдары мен қағидалары
  • Ислам философиясы

Модуль Философия және тарихи дүниетаным

  • Постмодерн философиясы
  • Шетел философиясының жаңа бағыттары мен ұмтылысы

ЖБТ2 Қоғамдық мәселелер және философиялық анализ

Модуль – Философиялық методология

  • Әлеуметтік процесстер динамикасын оқыту тәсілдері
  • Философиялық жаңашылдық 

Модуль – Философия және қоғамдық мәселелер

  • Саяси философия
  • Философиялық мәтіндерді оқу (классикалық)

Кәсіби тәжірибе

 Оқу-өндірістік тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:

  • 1-курста Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында өтетін «Зерттеушілік тәжірибесі» – 6 апта;
  • 2-курста Түркістан қалалық әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінде өтетін «Зерттеушілік тәжірибе» – 6 апта;
  • 2-курста Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өтетін «Педагогикалық тәжірибесі» – 6 апта;

Магистранттар қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады? 

  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасы
  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде (оқытушылық қызмет ретінде)
  • Түркістан медициналық колледж
  • Түркістандық гуманитарлық-техникалық колледж
  • Түркістан қалалық әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі

Қысқа мәлімет

Мамандығы

Философия

Мамандық шифры

6М020100

Факультеті

Әлеуметтік ғылымдар

Оқу түрлері

Күндізгі

Оқу ақысы

646300 тг