5В050100-Әлеуметтану

БІЛІКТІЛІГІ

  • Әлеуметтану мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар бакалавры

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы білім берудің мақсаттары: 

  • Әлеуметтік таным саласында кәсіби біліктілікті, толық сапалы кәсіби әлеуметтанулық білімді алуға қажетті жағдайларды қамтамасыз ету;
  • Жалпы жоғары интелектуалдық дамуды қалыптастыруға, сауатты және дамыған тілді меңгеруге гуманитарлық ойлаудың әлеуметтанулық мәдениеті мен еңбекті ғылыми ұйымдастыру жағдайларын қамтамасыз етуге жағдайлар жасауды қамтамасыз ету;
  • Студенттердің білімдерін жоғары кәсіби әлеуметтанулық білімнің келесі деңгейінде жалғастыруы үшін жағдайлар жасау;
  • Мамандық бойынша максималды, тез арада жұмысқа орналасу мүмкіндігін қамтамасыз ету, бітірушілердің жұмыс күші нарығындағы бәсекелестікке қабілетін қалыптастыру. 

Жалпы білім берудің міндеттері:

  • Студентерге қазіргі қоғамның келбетін, әлеуметтік бейнесін, құрылымын түсіндіру;
  • Қоғамды талдаудағы, әлеуметтік қауымдастық пен әлеуметтік топтардың пайда болуы табиғатындағы, әлеуметтік процестердің түрлері мен бағыттарын талдаудағы әлеуметтанулық түсініктерден хабардар ету;
  • Әлеуметтік қозғалыстардың пайда болуы мен дамуының негізгі шарттары мен жіктелуін, әлеуметтік дамудың факторларын, әлеуметтік өзара әрекет формаларын біліп, оларды талдай алуға үйрету;
  • Тұлға жөнінде, әлеуметтік формаларын, бағыттары мен ерекшеліктерін, әлеуметтік жүріс-тұрысты реттеудің негізгі заңдылықтары мен формаларын талдаудағы әлеуметтанулық түсініктерден ғылыми хабар беру;
  • Әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдістемесі мен әдістерін үйрету.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

  • Әлеуметтік сипаттағы міндеттерді шешуге байланысты арнайы теориялық білімдер мен практикалық дағдылардың комплексін меңгереді;
  • Әлеуметтік білімнің типологиясын, әлеуметтік даму факторларын, әлеуметтік өзара әсер түрлерін, әлеуметтену процесін, әлеуметтанулық талдаудың негіздерін игереді;
  • Әлеуметтік құбылыстар мен процестерді классификациялау методикасын біледі;
  • Отандық және шет елдік социологияның институтционалдануын игереді;
  • Әлеуметтанулық білімнің категориялық аппаратын біледі;
  • Әлеуметтанулық зерттеулердің методикасы мен технологиясын меңгереді. 

Қолдана білуі:

  • Әлеуметтанулық зерттеу жұмысын ұйымдастыру, әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасын дайындау, әлеуметтанулық зерттеуді өткізеді және сараптай алу керек;
  • Қоғамдық өзекті мәселелерді шешу мақсатында тәжірибелік ұсыныстар жасауда қатысу керек;
  • Әлеуметтік жұмыс тәжірибесінде жобалық болжау экспертизасын жасау;
  • Әлеуметтанулық зерттеу барысында алынған ақпараттың шынайылығы мен объективтілігін қадағалау және қамтасыз ету керек;
  • Әлеуметті әртүрлі үлгіде  диагностика жасау үшін әлеуметтанулық құралды жасау және қолдану керек.

Біліктілігі:

  • Әлеуметтік жүйелер, олардың қызметтері, әлеуметтік жүйелер мен қауымдастықтардың қалыптасу және даму заңдары туралы білу керек;
  • Жалпы және жеке әлеуметтік институттар мен ұйымдардың қалыптасуының методологиялық негіздерін меңгеру керек;
  • Әлеуметтік талдаудың негізгі әдістерін, шын өмірдегі берілген құбылыстар мен сенімді түрде өзара әрекеттесу үшін әлеуметтік қызметтердің жұмысы туралы білу керек;
  • Нақты әлеуметтік зерттеулердің әдістерін меңгеру, әлеуметтік жобалау және нақты әлеуметтік жұмыстарды орындаудың техникасы туралы түсінік қалыптастыруын игеру керек.
  • Қоғамның әлеуметтік жағдайын зерттеуге бағытталған кәсіби қызметін жүзеге асырады.

Құзіреттілігі:

Болашақ әлеуметтанушы әлеуметтік-саяси, әлеуметтік–экономикалық процестердің дамуы барысында қалыптасқан тенденциялардың негізінде анықтай білуі, қоғамдық құбылыстардың өзара байланыстарын зерттеу әдістерін болжауды меңгеруі жұмыс берушілердің  талаптарына сай болуға құзіретті.

Мемлекеттік міндетті модуль

  • Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)
  • Философия

Коммуникативтік модуль

  • Қазақ тілі
  • Ағылшын тілі
  • Түрік тілі

БАЗАЛЫҚ КӘСІПТЕНДІРУ МОДУЛЬДЕРІ

Модуль Әлеуметтанудың негізгі теориялары 

  • Отандық әлеуметтану тарихы
  • Теориялық әлеуметтану тарихы

Модуль- Әлеуметтанудағы саяси мәселелер 

  • Саяси әлеуметтану
  • Қақтығыстар әлеуметтануы

Модуль- Әлеуметтанудың негізгі әдістері 

  • Әлеуметтік зерттеу әдіснамасы мен ұйымдастыру
  • Әлеуметтік ақпараттарды өңдеу және талдау әдістері (SPSS базасында)
  • Жастар әлеуметтануы

Модуль- Халықты әлеуметтік қорғаудың негізгі бағыттары 

  • Әлеуметтік жұмыс
  • Құқық әлеуметтануы

Модуль- Қоғамдағы мәдени мәселелер 

  • Дін әлеуметтануы
  • Мәдениет әлеуметтануы

Модуль-  Қоғамдағы білім беру мәселелер 

  • Этноәлеуметтану
  • Білім беру әлеуметтануы

Модуль-Қоғамның құрылымы 

  • Демография
  • Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтік стратификация

Модуль- Әлеуметтік жүйелер

 

  • Тұлға әлеуметтануы
  • Қоғамның әлеуметтік жүйесі

Модуль- Салалалық социологиялық теориялар

  • Девианттық мінез-құлық әлеуметтануы
  • Отбасы әлеуметтануы

Модуль- Қалалардың, ауылдың әлеуметтік мәселелері 

  • Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы
  • Қала мен ауыл социологиясы
  • Қоғамдық пікір әлеуметтануы

ЖОО электив модулі

  • Түркі мемлекеттер тарихы
  • Ясауитану
  • Тұлғааралық коммуникация психологиясы
  • Саясаттану
  • Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері
  • Мәдениет және дін
  • Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
  • Экология және тұрақты даму
  • Құқық негіздері
  • Экономикалық теория
  • Ататүрік принциптері
  • Сыни ойлау
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
  • Еңбекті қорғау
  • Мәңгілік ел

ЖЕКЕ БІЛІМ ТРАЕКТОРИЯСЫНЫҢ МОДУЛЬДЕРІ

ЖБТ1 Қоғамдағы экономикалық институттар

Модуль — Қоғамдағы кәсіпкерлікті дамыту мәселелері

  • Рынок әлеуметтануы
  • Кәсіпкерлік әлеуметтануы

Модуль- Қоғамдағы өндіріс және еңбек мәселелері

  • Еңбек әлеуметтануы
  • Өндіріс әлеуметтануы

ЖБТ2 Қазіргі  заманғы батыс әлеуметтануы

Модуль – Әлеуметтанудағы психологиялық теориялар

  • Социология және әлеуметтік психология
  • Топ және ұжым социологиясы

Модуль Практикалық брендиг

Зерттеудің сапалық әдістері

Эмпирикалық әлеуметтану

Кәсіби тәжірибе

 Оқу-өндірістік тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:

  • 1-курста Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында өтетін «Оқу тәжірибесі» – 3 апта;
  • 2,3-курстарда   Түркістан статистикалық басқармасының бөлімінде өтетін «Өндірістік тәжірибе» – 5 апта;
  • 4-курста Түркістан қалалық әкімшілігінің әлеуметтік бөлімінде өтетін «Өндірістік тәжірибе» – 10 апта;
  • 4-курста Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Қоғамдық ғылымдар» кафедрасында өтетін «Диплом алды тәжірибе»  – 5 апта.

Студенттер қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады? 

  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасы
  • Түркістан медициналық колледж (әлеуметтік жұмыскер ретінде)
  • Түркістандық гуманитарлық-техникалық колледж (әлеуметтік жұмыскер ретінде)
  • Түркістан қалалық әкімшілігінің әлеуметтік бөлімі
  • Қалалық орта мектептерде (әлеуметтік жұмыскер ретінде)
  • Түркістан статистикалық басқармасының бөлімі
  • Мемлекеттік органдар
  • Орта және кәсіби білім беру орындары
  • Ғылыми зерттеу ұйымдары
  • Консультативтік қызметтер
  • Адам мен қоғам арасындағы қарым-қатынасты зерттеумен айналысатын әлеуметтік институттар

Қысқа мәлімет

Мамандығы

Әлеметтану

Мамандық шифры

5B050100

Факультеті
Әлеуметтік ғылымдар

Оқу деңгейлері

Бiрiншi жоғары бiлiм

Оқу түрлері

Күндізгі

Таңдау пәні

Дүниежүзілік тарихы

Өту балы

қазақ 50-100, орыс 50-100

Оқу ақысы

343000 тг