Битемиров Қайрат Тұрлыбайұлы
з.ғ.к. PhD қауымдастырылған профессор, кафедра меңгерушісі

Құқықтану кафедрасы

«Құқықтану» кафедрасының негізі 1991 жылы құрылған Заң факультетінің тарихымен тығыз байланысты. Заң факультеті ашылған тұста факультет құрамында «Мемлекеттік-құқықтық пәндер», «Қылмыстық құқық, іс жүргізу және криминология», «Азаматтық құқық және іс жүргізу» кафедралары жұмыс жасады. Бастапқы кезде кафедралардың ОПҚ-да Қазақстандағы заң ғалымдарының дамуына үлкен үлес қосқан атақты заңгер-ғалымдар, яғни ҚР Ғылым мен техникаға еңбегі сіңген қайраткер, заң ғылымдарының докторы, профессор Е.Қайыржанов, з.ғ.д., профессор Т.Ағдарбеков, з.ғ.д., профессор К.М.Ильясова, з.ғ.д., профессор Н.Б.Мухитдинов, Түркістан қаласының прокуроры қызметін атқарған білікті маман, доцент М.Сейтқазықызы, Түркістан қаласы Ішкі істер басқармасының бастығы қызметін атқарған полиция полковнигі Б.И.Накипов, Түркістан темір жол Ішкі істер бөлімінің бастығы қызметін атқарған полиция полковнигі Ә.Б. Бахаутдинов, з.ғ.к., доцент Р.М.Сеитова, з.ғ.к., доцент З.Төлегенова, з.ғ.к., доцент Ж.Өмірзақова, з.ғ.д., профессор Т.А.Ағдарбеков, з.ғ.д., профессор У. Чарыяров, з.ғ.к., доцент Б.Бегалиев, з.ғ.к., профессор Н.М.Батырбаев, з.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.Ерали, ХҚТУ доценті Г.Ә.Баймұратова, з.ғ.к., доцент Ж.С:Адукаримова,  з.ғ.к.,  доцент Р.Ш.Мырзабек, з.ғ.к., доцент К.Шеметаев, з.ғ.к., доцент С.Т.Мұстафаевтар қызмет атқарған. Сонымен қатар, жақын шет елдерден келіп қызмет атқарған профессор М.С. Сейдахметов, У.Чарыяров сынды заңгер-ғалымдар қызмет еткен.
2014-2015 оқу жылы Заң факультетіне қарасты «Мемлекеттік-құқықтық пәндер», «Қылмыстық құқық, іс жүргізу және криминология», «Азаматтық құқық және іс жүргізу» кафедралары бірігіп, «Құқықтану» кафедрасы құрылды. Аталмыш кафедра бүгінгі таңда жаңадан құрылған Әлеуметтік ғылымдар факультетінің құрамында қызмет атқаруда.
Қазіргі таңда «Құқықтану» кафедрасына з.ғ.к., (Phd) қауымдастырылған профессор Қ.Т. Битемиров басшылық етуде.
Кафедра негізгі мақсаты мен бағыты – 5В030100, 6М030100, 6D030100 – «Құқықтану» мамандығында оқып жатқан білім алушылар азаматтық, қылмыстық құқықтық пәндер мен еңбек, жер, экология құқықтары және т.б. құқық салаларындағы заңнамалар мен нормативтік құқықтық актілерді іске асыруға, көпшілік және жеке мүдделерді қорғау кезіндегі қоғам өмірінің түрлі саласындағы құқықтық тәртіп пен заңдылықтарды нығайтуды қамтамасыз етуге бағытталады. Кафедра профессор-оқытушы құрамының басты мақсаты – қазіргі заман талабына сай, білікті заңгер мамандарын дайындау.
Оқыту мерзімі
Жоғары базалық білім (күндізгі) – 4 жыл;
Магистратура: ғылыми-педагогикалық бағыт- 2 жыл
Докторантура (PhD) — 3 жыл.

«Құқықтану» кафедрасында 5В030100 — «Құқықтану» мамандығы бойынша мамандар дайындау 1991ж. басталған. Мамандықтар бойынша мамандар дайындаудың лицензиясы (Лицензия номері 0137408, 03.02.2010ж) бар, мерзімі – шектелмеген. 5В030100-“Құқықтану” мамандығын дайындау ҚР МЖМБС 6.08.080-2010 сәйкес жүргізілді. Мамандықтарды даярлау бағыты күндізгі, сыртқы және қысқартылған жедел түрдегі оқыту  және қашықтықтан оқыту формасы бойынша жүзеге асырылады.

5В030100 — «Құқықтану» мамандығын академиялық дәрежесі бакалавриат бойынша оқу мерзімі күндізгі бөлімде 4 жыл, орта арнаулы білімнен кейін 3 жыл, ал  сыртқы оқу бөлімінде 2 жыл, орта арнаулы білімнен кейін 3 жыл, қашықтықтан оқыту формасы бойынша  2 жыл  оқиды.

2004-2005 оқу жылынан бастап «Құқықтану» мамандығының студенттеріне білім беру кредиттік технология жүйесі бойынша жүргізілуде. Негізге дайындаудың американдық үлгісі алынған. АҚШ-тың  Индиана университетінің тәжірибесін, Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ, Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ жұмыс тәжірибесін зерттеу негізінде білім берудің кредиттік жүйесі бойынша оқу процесін ұйымдастыруда толығымен силлабустар жасалып, оқу-әдістемелік кешендер құрастырылған.

6М030100- «Құқықтану»  мамандығы бойынша мамандар дайындаудың лицензиясы  (Лицензия номері 0137408, 03.02.2012ж) бар, мерзімі-шектелмеген. Оқыту мерзімі– 2 жыл.

6М030100-Құқықтану мамандығын бітіруші магистранттарға «Құқық магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.

6D030100-Құқықтану мамандығы бойынша доктаранттарды дайындау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы 3 ақпандағы №168 бұйрығымен бекітілді және іске қосылды. Оқу мерзімі -3 жыл.

«Құқықтану» мамандығы бойынша бітірушілер кәсіби қызметің құқық қорғау органдарында, сот органдарында, әділет органдарында, мемлекеттік органдарында коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда жұмыс істеуге, сондай-ақ ғылыми және педагогикалық дайындық бойынша білім беру саласында, ғылыми-зерттеу, әдістемелік жұмыспен айналысуға құқылы.   Кәсіби заңдылық қызметтерді тәжірибелік тұрғыдан пайдалану құзыреттерін игереді.

2014-2015 оқу жылында «Құқықтану» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының мамандандырылған аккредиттеу аясында өзін-өзі бағалау негізінде академиялық дәреже бойынша 5В030100–құқықтану бакалавры, 6М030100–заң ғылымдарының магистрі, 6D030100-философия докторы (PhD) БСҚА сыртқы аудит сараптамалық аккредитациядан  өтті.

«Құқықтану» мамандығы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыбы  Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ғылыми-техникалық кеңес мәжілісінің  19.02.2015ж. № 6 шешіміне сәйкес бекітілген. Б-ҒТ-03-01-11 басымдылығы: «Қазақстан Республикасының құқықтық дамуын инновациялау және заңдарын жетілдіру мәселелері» ғылыми жұмыстың  атауымен ҚР ҰҒТА орталығында   30.04.2015ж.  №0115РК01712 мемлекеттік тіркеуден өтті. Осы тақырыпты з.ғ.к., (Phd) қауымдастырылған профессор Қ.Т. Битемиров басшылығымен жүзеге асырады.
Зерттелу тақырыптары бойынша профессор-оқытушы құрамының ғылыми мақалалары, монографиялары, оқу құралдары мен оқу-әдістемелік құралдары жарық көруде. Барлық еңбектер кафедрада жинақталған. Оқытушылар мен студентттердің, магистранттардың ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері халықаралық, республикалық және аймақтық конференция жинақтарында жариялау үрдіске айналған.
Ғылыми-зерттеу, оқу, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары жоспарлы негізде жолға қойылған. Кафедра құрылып,  осы кезеңге дейінгі жұмысының барысында 8 қызметкерлер кандидаттық диссертацияларын сәтті қорғап, ғылыми дәрежелерін алған. Профессор-оқытушы құрамының ғылыми еңбектері жақын, алыс шетелдердің (Ресей Федерация, Кырғыстан, Өзбекстан, Украина, Чехия, Польша) ғылыми журналдарында жарық көруде.
Кафедра «Құқықтану» мамандықтары бойынша ғылыми-педагогикалық (2 жыл) бағытта  құқық магистрлерін де дайындайды.
«Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған түлектер қазіргі таңда Республикамыздың беделді орындарында Парламент Палаталарында, Президент әкімшілігінде, Ішкі Істер Министрлігінде, Сыртқы Істер Министрлігінде, Әділет Министрлігінде, Бас Прокуратурада, Ұлттық қауіпсіздік органдарында, жергілікті Прокуратура мен Соттарда, Қаржы полициясы, Салық комитетінде, Кедендік бақылау бекеттерінде, өзіміздің университетімізде,  сондай-ақ ірі-ірі ұлттық компанияларда заңгер қызметтерін атқаруда.

-Құқықтану кафедрасы 2019 жылы 2-6 қыркүйек аралығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру атты семинар ұйымдастырылды.

— «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында “Зайырлы мемлекет қалыптастыру” – атты шара студент жастар арасында ұйымдастырылды.

— Университетімізде түркі дүниесі жастарының достығын нығайтатын түрлі шаралар ұйымдастырылып тұрады.

  Оқытушының аты-жөні Қызметі Ғылыми дәрежесі Ғылыми атағы
1.

 

Битемиров Кайрат Турлыбаевич Кафедра меңгерушісі з.ғ.к., (PhD) қауымдастырылған профессор
2. Батырбаев Нурлан Мухтарович ХҚТУ профессоры з.ғ.к., ХҚТУ профессоры
3.

 

Нақыпов Балғабай ХҚТУ профессоры з.ғ.д., ХҚТУ профессоры
4. Мергенбаев Ержан Пернеханович з.ғ.к, аға оқытушы

 

з.ғ.к.,
5. Паридинова Айгул Есіркепқызы з.ғ.к, аға оқытушы

 

з.ғ.к.,
6. Шалхаров Ернар Сайлаубекович PhD, аға оқытушы PhD
7.

 

Молдалиев Максат Сүйндикович П.ғ.к, доцент м.а.

 

доцент м.а.
8. Иманбекова Маншук Мажитқызы PhD, аға оқытушы PhD
9.

 

Турлыбеков Кайратбек Аманжолович Аға оқытушы құқық магистрі
10.

 

Хасанова Клара Рахимовна Аға оқытушы құқық магистрі
11.

 

Көшербаева Гүльшат Нұрлыбекқызы Аға оқытушы құқық магистрі
12. Алимбаева Актолкин Алмасхановна Аға оқытушы құқық магистрі
13. Пошанов Нурсултан Нурбаевич Оқытушы құқық магистрі
14. Kожамбеков Даулет Рысбекович Оқытушы халықаралық құқық магистрі
15. Сабыр Айсұлу Сабырқызы Оқытушы құқық магистрі
16. Исахов Бақытжан Сейдиллаевич Оқытушы халықаралық құқық магистрі
17. Жуматаев Нурсултан

Нурмаханович

Оқытушы құқық магистрі
18. Тасымова Болган Назаровна Лаборант
19.

 

Даханова Женискуль Оразбаевна Лаборант