6D030100-Құқықтану

БІЛІКТІЛІГІ

Құқықтану мамандығы бойынша философия докторы (PhD)

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы білім берудің мақсаттары:

  • Жаһандану мен интернацияландыру жағдайында отандық ғылымның дамуының заманауи тенденцияларын, бағыттары мен заңдылықтарын меңгеру;
  • Белгілі бір саладағы әлемдік және қазақстандық ғылымның жетістіктерін меңгеруі;
  • Халықаралық ынтымақтастық пен ғылыми байланысты іске асыру үшін шет тілдерді жетік меңгеруі;

Жалпы білім берудің міндеттері:

  • Белгілі бір саладағы әлемдік және қазақстандық ғылымның ғылыми тұжырымдамаларын меңгеру;
  • Жаһандану мен интернациялизацияландыру жағдайында отандық ғылымның дамуының заманауи үрдістерін, бағыттары мен заңдылықтарын үйрету;
  •  Ғылыми танымның әдіснамасын; белгілі бір саладағы әлемдік және қазақстандық ғылымның жетістіктерін; зерттеу саласындағы әртүрлі теориялық тұжырымдамаларды талдауды, бағалауды, салыстыруды және қорытынды жасау;
  • Зерттеу саласында жүйелі түсінік пен таңдап алынған ғылыми әдістердің сапалылығы мен нәтижелілігін көрсете білу;
  • Белгілі бір саладағы мәселелерге кәсіби және жан-жақты талдау жүргізу.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

  • Құқық саласы бойынша озық әдіс-әрекеттер мен дағдыларын тәжірибе жүзінде қолданады;
  • Оқу және ғылыми мақсаттарда логикалық зерттеулер жүргізуге  қажетті жаңа  ақпараттарды қолдану үшін өз бетінше ғылыми іздену жұмыстарын жүргізе алады;
  • Кәсіби қызметке байланысты әртүрлі салаларда икемді және тұжырымдамалық  негізде даму перспективасын болжай алады.

Қолдана білуі:

  • Өзінің кәсіби әрекетін ғылыми-зерттеулерді ұйымдастыруға қойылатын қазіргі талаптар тұрғысынан жоспарлай алады;
  • Озық заманауи тәжірибелерді зерделеп, меңгереді.

Біліктілігі:

  • Кәсіп бойынша алынған білім, білік және дағды жиынтығы, оны тиісті кәсіптік ортада пайдалана білудің ережелері мен нормалар тәртібін сақтайды;
  • Заңгердің  белгілі бір кәсіптік ортада жеке тұлғаның өзін-өзі алып жүру ережелері мен нормаларын қамтитын кәсіпті тиісті дәрежеде игереді.

Құзіреттілігі:

  • Құқық саласы бойынша білім беру саласындағы міндеттерді тұжырымдау және ұқыпты шеше білуі, педагогикалық қызмет щеңберінде ақпараттық технологияларды қолдана білуге, жұмыс берушілердің талаптарына сай болуға құзіретті.

Мемлекеттік міндетті молуль

Құқық философиясы

Бейіндеуші пәндер модулі

 Кәсіби элективті модулі

  • Мемлекеттік-жеке әріптестіктің азаматтық-құқықтық аспектілері
  • Халықаралық еңбек стандарттары мен олардың Қазақстан заңнамасындағы имплементациясы
  • Қазақстан Республикасының су заңнамасын жетілдіру
  • Тұтынушылар құқықтары қорғалуын реттеудегі құқықтық аспектілер
  • Құқық философиясының өзекті мәселелері
  • Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын жетілдіру мәселелері
  • Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнаманың заманауи мәселелері
  • Шағын және орта кәсіпкерлік ұйымдарында еңбекті құқықтық реттеу

Кәсіби тәжірибе

  • Тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:
  • 1-курста Құқықтану кафедрасында «Педагогикалық тәжірибе» – 3 апта, «Зерттеушілік тәжірибе» – 8 апта;

Докторанттар қандай мекемелерде тәжірибе алмаса алады?

  • Университет базасы

Қысқа мәлімет

Мамандығы 

Құқықтану

Мамандық шифры

6D030100

Факультеті

Әлеуметтік ғылымдар

Оқу деңгейлері

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

Оқу түрлері

Күндізгі

Оқу ақысы

1 307 000 тг