6М030100-Құқықтану

БІЛІКТІЛІГІ

Құқық ғылымдары магистрі

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы білім берудің мақсаттары:

  • Кәсіби қызметте қажетті іргелі білім, білік және дағдыны қалыптастыру;
  • Оқу үрдісін заманауи – ғылыми деңгейде ұйымдастыру, білім беру бағдарламасын халықаралық стандартқа мейлінше бейімдеу;
  • Білім берудің техникалық құралдарын және компьютерлік технологияларды меңгеру;
  •  Ғылыми зерттеулерді орындау;
  • Жауапкершілікке ие жоғары білікті кадрларды дайындау;
  • Оқу үрдісін заманауи-ғылыми деңгейде ұйымдастыру және зерттеушілік дағдыға ие;
  • Жоғары білікті мамандарды даярлау;
  • Ғылыми-практикалық мәселелерді шешу тәсілдерін еркін меңгеру.

Жалпы білім берудің міндеттері:

Құқықтану ғылымдарының негізгі салаларындағы білімдерін ғылыми–зерттеу бағытында жүзеге асыра алатын  магистрлерді даярлау.

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

  • Білімін және дағдыларын арнайы шеңберлі мамандықта, ғылыми педагогикалық қызметінде қолданады;
  • Ғылыми зерттеулерді жобалайды және жүргізеді, алынған нәтижелерді сыни тұрғыдан қарастырып, статистикалық сараптаудан өткізеді, жарияланымдардың ережелерін біледі;
  • Қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды біледі.

Қолдана білуі:

  • Ақпараттың артықшылықтары мен кемшіліктерін сыни көзқараспен бағалай білу, ойлау, өзінің көзқарасын дәлелдей алу, толық емес немесе шектеулі ақпарат негізінде тұжырымдамалар жасайды;
  • Заманауи ақпараттық технологияларды меңгерген, ғылыми бағытта және кәсіби салада қолданады;
  • Топта жұмыс істеуге қабілетті, жаңа шешімдер ұсына біледі, өз қорытындыларын және олардың негіздемесін мамандарға және маман еместерге жеткізе алады, қақтығыстарды шешеді.

Біліктілігі:

  • Кәсіби және ғылыми мәселелерді шешу мақсатында ана тілінде және шет тілінде ауызша және жазбаша коммуникация жүргізуге қабілетті;
  • Қазіргі заңнамалар мен ғаламдық құқықтық мәселелерді талдауға қабілетті;
  • Шығармашылық ізденістерде креативті шешімдерді шығаруға қабілетті.

Құзіреттілігі:

Болашақ құқық магистрінің маманданған құзіреттілігі жұмыс берушілер мен құқық саласының талаптарына сай болуы қажет.

МЕМЛЕКЕТТІК МІНДЕТТІ МОДУЛЬ

  • Ғылымның тарихы мен философиясы
  • Шетел тілі (кәсіби)
  • Психология
  • Педагогика

КӘСІБИ МІНДЕТТІ МОДУЛЬ

  • Құқықтық талдаудың методологиясы
  • Азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңнамасын қолдану теориясы

КӘСІБИ ЭЛЕКТИВТІ МОДУЛЬ

  • Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамаларын тәжірибеде қолданудың өзекті мәселелері
  • Мемлекет және құқық философиясы
  • Құқық теориясының проблемалары
  • ҚР-да еңбек заңдарының жетілдіру мәселелері
  • Кәсіпкерлік құқығының теориялық мәселелері
  • Инвестиция құқығының теориялық негіздері
  • Жаһандану жағдайындағы көші-қон қатынастарды құқықтық реттеудің теориялық мәселелері
  • ҚР-ғы конституционализм жүйесінің қалыптасуы мен дамуының теориялық мәселелері
  • Экономикалық қылмыстар мәселелерінің (салалануы) квалификациясы
  • Адвокатура практикасы мен теориясы
  • Халықаралық құқықтың жаңа жағдайдағы даму ерекшеліктері
  • Кәсіпкерлік, банктік, сақтандыру құқықтарының мәселелері
  • Арнайы және ғылыми тапсырмалардың қолданылуының теориялық және практикалық аспектілері
  • Мұрагерлік, отбасылық және тұрғын-үй құқықтарының өзекті мәселелері
  • Жасөспірімдердің ісі бойынша прокурорлық қадағалау мәселелері

ЖБТ 1 «Жеке құқықтық мәселелер»

Модуль – Қоғамдық құқықты реттеу

  • Қазақстан және шетелдің конституциялық заңнамалары
  • Отбасы құқығының теориялық мәселелері

Модуль-  Заманауи іс жүргізу

  • Халықаралық іс жүргізу құқығы
  • Құқықшығармашылық механизімінің негіздері

 ЖБТ2 Жалпы құқықтық мәселелер

Модуль- Құқықтық қатынастар

  • Халықаралық валюта құқығының теориялық мәселелері
  • Жер заттық құқық теориясы

 Модуль- Азаматтық құқықты реттеу

  • Жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың өзекті мәселелері
  • Интеллектуалдық меншік құқығы

Кәсіби тәжірибе

Оқу-өндірістік тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:

  • 1-курста Құқықтану кафедрасында өтетін «Зерттеулік тәжірибесі І» – 6апта;
  • 2-курстарда Құқықтану кафедрасында өтетін «Педагогикалық» – 3апта;
  • 2-курста Құқықтану кафедрасында өтетін «Зерттеулік тәжірибесі І» – 6апта;

Магистранттар қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?

  • Университет базасы

Қысқа мәлімет

Мамандығы 

Құқықтану

Мамандық шифры

6М030100

Факультеті

Әлеуметтік ғылымдар

Оқу деңгейлері

Жоғары білімнен кейінгі білім

Оқу түрлері

Күндізгі

Таңдау пәні

бейіндік пәндер

Өту балы:

150 балл:

Оқу ақысы

646 300