5В030100-Құқықтану

БІЛІКТІЛІГІ

  • Құқық бакалавры 

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы білім берудің мақсаттары:

  • Білім алушылар азаматтық, қылмыстық құқықтық пәндер мен еңбек, жер, экология құқықтары және т.б. құқық салаларындағы заңнамалар мен нормативтік құқықтық актілерді іске асыруды меңгерту;
  • Көпшілік және жеке мүдделерді қорғау кезіндегі қоғам өмірінің түрлі саласындағы құқықтық тәртіп пен заңдылықтарды нығайтуды қамтамасыз етуге бағытталады.

Жалпы білім берудің міндеттері:

  • Студенттерге қазіргі құқық саласының маңызы, мақсаты және құрылымымен қатар, құқық саласындағы мамандардың рөлі мен міндеттерін оқыту;
  • Кәсіби қызметінде нормативті құқықтық актілерді пайдалануды меңгереді. 

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

  • Студент азаматтық құқықтық, еңбек, әкімшілік-құқықтық, қылмыстық-құқықтық салаларындағы мәселелерді шешу және талдау, ұйымның (мекеменің) құқықтық қызметін жетілдіруде ұсыныс және талдау жасауды игереді;
  • Құқықтық сипаттағы түрлі құжаттарды толтыруды меңгереді.

Қолдана білуі:

  • Құқық салаларының түрлі  қолданыстағы нормаларды меңгере білуі керек;
  • Заңды терминдер мен категорияларды жетік білу; құқыққорғау органдарының жүйесін, құрылымын жетік білуі керек.

Біліктілігі:

  • Нақты қызмет бағытына қажетті құқық нормаларының мазмұнын, олардың өзара байланысы мен кәсіби қызметін жүзеге асырудағы мәнін түсіну,  жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау түрлерін; мемлекеттің құрылымын және заң шығармашылық түрлерін білуі керек;
  • Әділеттілік және оның қағидаларын білуі керек;
  • ҚР құқық қорғау органдарының жүйесін білуі керек;
  • Іскерлік қарым-қатынастың спецификасы мен психологиясын, заңгер кеңесшісі қызметіндегі кәсіби этика элементтерін білуі керек;
  • Түрлі құжаттарды дайындалуының негізгі ережелерін білуі керек.

Құзіреттілігі:                             

Болашақ заңгер мамандығы құзыреттілігі жұмыс берушілер мен құқық қорғау органдарының талаптарына сай болуы қажет.

Мемлекеттік міндетті модуль

  • Қазақстанның қазіргі заман тарихы
  • Кәсіби мақсаттарға арналған ақпараттық технологиялар
  • Философия

Коммуникативтік модуль

  • Қазақ тілі
  • Ағылшын тілі
  • Түрік тілі

БАЗАЛЫҚ КӘСІПТЕНДІРУ МОДУЛЬДЕРІ

Модуль- Мемлекеттік құқық

  • Мемлекет және құқық теориясы
  • ҚР Конституциялық құқығы
  • Әкімшілік құқығы

Модуль- Қоғамдық құқықты реттеу

  • Рим құқығы
  • Отбасы құқығы

Модуль- Азаматтық және қылмыстық құқық І

  • Азаматтық құқығы (жалпы бөлім)
  • Қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)

Модуль- Кәсіпкерлік құқық 

  • Кәсіпкерлік құқық
  • Тұтынушылар құқығы

Модуль- Азаматтық және қылмыстық құқық ІІ

  • Азаматтық құқығы (ерекше бөлім)
  • Қылмыстық құқығы (ерекше бөлім)
  • Еңбек құқығы

Модуль- Заманауи іс жүргізу құқығы І

  • Азаматтық іс жүргізу құқығы І
  • Қылмыстық іс жүргізу құқығы І
  • Әкімшілік іс жүргізу құқығы

Модуль- Құқықтық қатынастар

  • Адвокатура
  • Жер құқығы
  • Қылмыстарды саралау

Модуль- Заманауи іс жүргізу құқығы ІІ

  • Азаматтық іс жүргізу құқығы ІІ
  • Қылмыстық іс жүргізу құқығы ІІ
  • Прокурорлық қадағалау

Модуль- Кылмыстық сараптамалық құқық

  • Криминалистика
  • Криминология
  • Қылмыстық атқару құқығы

Модуль- Жеке құқық 

  • Халықаралық жеке құқық
  • Халықаралық жария құқық
  • Халықаралық құқық

ЖОО электив модулі

  • Түркі мемлекеттер тарихы
  • Ясауитану
  • Тұлғааралық коммуникация психологиясы
  • Саясаттану
  • Акмеология, жеке және әлеуметтік жетістіктер негіздері
  • Мәдениет және дін
  • Әлеуметтану
  • Тіршілік қауіпсіздігі негіздері
  • Экология және тұрақты даму
  • Құқық негіздері
  • Экономикалық теория
  • Ататүрік принциптері
  • Сыни ойлау
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
  • Еңбекті қорғау
  • Мәңгілік ел

ЖЕКЕ БІЛІМ ТРАЕКТОРИЯСЫНЫҢ МОДУЛЬДЕРІ

ЖБТ1 Қылмыстық құқық

Модуль- Қаржылық құқықтық реттеу

  • Қаржы құқығы 
  • Банк құқығы

Модуль- Әлеуметтік қорғау құқығы

  • Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы
  • Салық құқығы
  • Сот медицина негіздері

ЖБТ2 Азаматтық құқық

Модуль- Экологиялық құқық

  • Экология құқығы
  • Cыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

Модуль- Қызмет көрсету қатынастары

  • Нотариат
  • Шарттық құқық

Оқу-өндірістік тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:

1-курста Түркістан қалалық құқық қорғау органдарында өтетін «Оқу тәжірибесі І» – 3 апта;

2-курста Түркістан қалалық құқық қорғау органдарында өтетін «Өндірістік тәжірибе І» – 2,5 апта;

3-курста Түркістан қалалық құқық қорғау органдарында өтетін «Өндірістік тәжірибе ІІ» – 2,5 апта;

4-курста Түркістан қалалық құқық қорғау органдарында өтетін «Өндірістік тәжірибе ІІІ» – 10 апта;

4-курста Түркістан қалалық құқық қорғау органдарымен мекемелерде өтетін «Диплом алды тәжірибе»  – 5 апта.

Студенттер қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?

  • Түркістан Қалалық соты
  •  Түркістан Қалалық Ішкі істер басқармасы
  • Түркістан Қалалық әділет басқармасы
  • Түркістан Қалалық Прокуратура
  • Әкімшілік

Қысқа мәлімет

Мамандығы
Құқықтану
Мамандық шифры
5B030100
Факультеті
Әлеуметтік ғылымдар
Оқу деңгейлері
Бiрiншi жоғары бiлiм
Оқу түрлері
Күндізгі, сыртқы
Таңдау пәні
Дүниежүзі тарихы
Профильдік пәні
Дүниежүзі тарихы
Өту балы
қазақ 50, орыс 50
Оқу ақысы
343000 тг