Фатих Туркмен
PhD. доктор, кафедра меңгерушісі

Туризм және журналистика кафедрасы

Туризм және журналистика кафедрасы– бәсекеге лайықты, жан-жақты дамыған, шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, терең білімді, іскерлік дағдысы қалыптасқан, жоғары білікті маман дайындайтын университет құрылымдарының бірі.
Қазіргі таңда кафедраға Phd. Фатих Туркмен басшылық етеді. Кафедраның ғылыми потенциалының пайыздық көрсеткіші — 70%. Кафедрада 13 ОПҚ бар. Оның ішінде профессор -1 , Профессор м.а. -3, доцент — 2, Доцент м.а.-1, Аға оқытушы — 2, Магистр — 4.
Кафедрада 2 бакалавр білім беру бағдарламалары бойынша мамандар әзірленеді. Аталған мамандықтардың міндетті курстарын кафедраның тәжiрибелi, бiлiктiлiгi жоғары оқытушылары жүргiзуде.

2018-2019 оқу жылындағы Туризм және журналистика кафедрасындағы білім алатын күндізгі бөлім бойынша қазақстандық және шет елден келген студенттерінің сандық көрсеткіші:
Туризм мамандығы бойынша:127
Журналистика мамандығы бойынша:104
Жалпы студент саны : 231
2011-2016 жж., аралығында Қарағанды қаласы Бөкетов атындағы ҚарМУ-де «Туризм» мамандығы бойынша, сонымен қатар Шымкент қаласында М.Ауезов атындағы ОҚМУ-де жыл сайын өтетін Республикалық студенттік пәндік олимпиадада Туризм мамандығының командасы кәсіби шеберліктері мен жоғары білімдерінің арқасында 2-ші, 3-ші орындарды иеленіп қайтуда.
2017 жылы 5В090200-Туризм мамандығы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен VI Жоғары оқу орындары арасындағы «5В090200-Туризм» мамандығы бойынша «Жас Тур» кубогына өткізілген Республикалық студенттер
олимпиадасында ІІ орын алды.
«Журналистика» мамандығының студенттері жыл сайын «Ең дарынды болашақ журналист» атты пән олимпиадасына қатысып, командалық 1-ші, 2-ші орындарға иеленуде.
Түрлі байқауларда
2016 жылғы ҚР жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары қорытындысы бойынша Туризм мамандығының 2 курс студенті Қойбек Айдын Ермекұлы 5В090400-Әлеуметтік-мәдени сервис мамандығы бойынша жүлделі ІІ орынға ие болды.
2017 жылғы ҚР БҒМ-нің бекітумен өткізілген ең үздік ғылыми жұмысына арналған республикалық байқауда «Туризм» мамандығының 3 курс студенті Айдарова Индира 5В090400-Әлеуметтік- мәдени сервис мамандығы бойынша жүлделі ІІ орынға ие болды. Ғылыми жетекшісі: Phd. Н.О.Абишов
2017 жылғы ҚР БҒМ-нің бекітумен өткізілген ең үздік ғылыми жұмысына арналған республикалық байқауда «Туризм» мамандығының 3 курс студенті Янков Игорь 5В090200-Туризм мамандығы бойынша жүлделі ІІІ орынға ие
болды. Ғылыми жетекшісі: магистр оқытушы А.Исаева
ҚР бойынша Жоғарғы оқу орындарының ішінде «Туризм» мамандығының Ұлттық Рейтингте: 2016жылы — 2 орын алды.
2017жылы Қазақстанның ЖОО арасындағы білім беру бағдарламаларының рейтингі бойынша 5В090200-Туризм білім беру бағдарламасы 2-орынды иеленді.
Республикалық ғылыми конкурстарға ұсынылған жұмыстардың нәтижесінде философия мамандығының студенттері Ж. Әлен және Ғ.Ахметова екі жыл қатарынан ІІ, ІІІ орындарды иеленіп, ҚРБжҒ министрлігінің Дипломымен марапатталды.
Республикалық ғылыми конкурстарға ұсынылған жұмыстардың нәтижесінде студенттер Д.Тұрғынбаева, Р.Халдарбекова, Б.Қаратілекова, Ж.Әшірбекова, М.Төребек (жет. проф. Б.Сердәлі) ІІІ орынды иеленіп, ҚР БжҒ министрлігінің Дипломымен марапатталды.

Кафедраның ғылыми потенциалының пайыздық көрсеткіші — 70%. Кафедралардағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жағдайы:

  1. Жоба жетекшісі: Н.Абишов — «Өзбекстанға (Самарқанд, Бухара, Хива, Ташкент) келетін халықаралық туристтердің Арыстанбап және Ахмет Ясауи кесенелеріне зиярат етулерін қамтамасыз ету жолдары» тақырыбы бойынша гранттық жоба атқарылуда. 2016-2017ж.ж. 1000000 теңге
  2. Жоба жетекшісі: А.АубакироваҚазақстандағы 4-5 жұлдызды қонақ үйлердегі қызметкерлердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты білімін, ұстанымдарын және іс-әрекеттерін анықтау»атты ғылыми-зерттеу жобасы. 1,5млн.т
  3. Жоба жетекшісі: Фатих Туркмен — Мәдени туризм тұрғысында лицензиясы бар туристік кәсіпорын басшыларының кризисты басқару әдістері. Карабук университетінің ғылыми зерттеу жобалар бөлімі (Туркия) 2017 жыл KBÜ-BAP-15/2-KP-061-626,0 мың тг.(6.265.041 түрік лирасы)
  4. Жоба жетекшісі: Фатих Туркмен — Ұлттық парктердің туризм мақстаныда қолдануға қатысты жергілікті халықтың көзқарастары. Карабук университетінің ғылыми зерттеу жобалар бөлімі (Туркия) 2017 жыл. KBÜ-BAP-14/2-DS-069, 900,0 мың тг. (9.010 түрік лирасы)

Thomson Reuters, Elsevier, Scopus, Science Direct базаларына  кафедрамыздың ПОҚ және магистрант, докторантар 100% тіркелген.

Туризм және журналистика  кафедрасының ОПҚ-ы мен білім алушылары университетте өткізілген әр түрлі жиналыстарға, мәдени және қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып отыруда. Бұлардың арасынан айтар болсақ:
—«Туризм» мамандығының дәстүрге айналған «Туризм шоу» іс-шарасы ұйымдастырылып өткізіледі. «Туризм шоу» іс-шарасының өткізілу мақсаты – «Туризм» мамандығында білім алып жатқан барлық білімгерлердің достығын нығайту, байланыс орнату арқылы туризм саласының әлеуметтік, экономикалық және саяси маңызын арттыру болып табылады.

  • Болашаққа бағдар: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ”- бағдарламасы аясында Таяу жылдардағы міндеттер — атты, студент жастармен кездесу іс-шаралары өтуде.