6М050700-Менеджмент

БІЛІКТІЛІГІ

6М050700-Менеджмент мамандығы  бойынша экономика ғылымдарының магистрі

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы білім берудің мақсаттары:

  • Отансүйгіштік, Қазақстан Республикасы халықтарының достығы, әртүрлі мәдениеттерге, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету рухында тәрбиелеу;
  • Жалпы адамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтарын қалыптастыру;
  • Экологиялық, дене мәдениетін, этикалық, құқықтық мәдениетті және ойлау мәдениетін қалыптастыру;
  • Магистранттарды тілдік даярлау;
  • Кәсіби қызметте қажетті іргелі білім, білік және дағдыны қалыптастыру;
  • Қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму заңдылықтарын, Қазақстан тарихын, қазіргі ақпараттық технологияларды, мемлекеттік тілді, ұлтаралық қарым-қатынас құралы ретінде орыс және шетел тілдерін білу негізінде әлеуметтік-гуманитарлық білімді қамтамасыз ету;
  • Кәсіби білімнің іргетасы ретінде психологиялық-педагогикалық және арнайы сипаттағы базалық білімді қамтамасыз ету;

Жалпы білім берудің міндеттері:

  • Қазіргі басқару саласының мақсаты мен құрылымын, мамандардың рөлі мен маңыздылығын оқыту;
  • Басқаруда жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, менеджмент ғылымының озық әлемдік тәжірибесін меңгерту;

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

  • Магистранттар қолданбалы, әдістемелік, ізденушілік және іргелі ғылыми  зерттеулер жүргізе біледі;
  • Кез-келген проблемалық жағдайда қолданылатын инновациялық іс-әрекеттерді толық өзіне қабылдап, оны шеше біледі;
  •  Басқарушының кәсіби абыройы мен қадір-қасиетін қорғау және педагогикалық этика нормаларын сақтай біледі;
  • Басқару заңдылықтары мен қағидаларды іс-тәжірибеде қолдана отырып, педагогикалық міндеттерді шешу барысында шеберлік таныта біледі;
  • Өзінің білім, білік дағдыларын пайдалана отырып, бағыныштыларға тиісті білімдер жүйесін меңгерте алады;

Қолдана білуі:

  • Мамандық бойынша игерген теориялық және практикалық білімдерін кәсіби деңгейде қолдана білуі керек;
  • Халықаралық деңгейде халықаралық бизнес серіктестермен шет тілінде байланыс жасай білуі керек;
  • Қазіргі заманауи жаңа ақпараттық технологиялармен жұмыс істей білуі керек.

Біліктілігі:

  • Корпоративті басқару принциптерін, әдістерін, технологияларын қолдана отырып ұйымдағы қайшылықтық жағдайларды шешуге, басқаруда іскерлік келісімдер негізінде қарым-қатынас орната білуі керек;
  • Компания дамуының жедел және ұзақ мерзімді болжамын жасай білуі керек.

Құзіреттілігі:

Болашақ менеджердің маманданған құзыреттілігі кәсіпорындар мен мекемелердің талаптарына сай болуы қажет.

Мемлекеттік міндетті модуль

  • Ғылымның тарихы және философиясы
  • Шетел тілі (кәсіби)
  • Психология
  • Педагогика

ЖЕКЕ БІЛІМ ТРАЕКТОРИЯСЫНЫҢ МОДУЛЬДЕРІ

ЖБТ1-Адам ресурстарын басқару

Модуль — Кадр саясаты және мотивация

  • Компанияның еңбек ресурстарын басқару
  • Еңбек қызметін ынталандыру және мотивация

Модуль – Жасыл экономиканы басқару

  • Энергия, жасыл экономика және басқару
  • Басқару  шешімдерін жасау  технологиясы

ЖБТ2-Инновациялық басқару

Модуль — Инновациялық   даму және тәуекелдер

  • Инновациялық   дамуды және инновациялық жобалардың тәуекелін басқару
  • Жобаларды  ұйымдастыру және басқару

Модуль – Ұйым тәртібі

  • Компанияның қаржы ресурстарын басқару
  • Ұйымдық іс-әрекет

Бейіндеуші пәндер модулі

Кәсіби міндетті модулі

  • Стратегиялық менеджмент
  • Корпоративті басқару

Кәсіби элективті модулі

  • Ғылыми зерттеуді жоспарлау және ұйымдастыру
  • Магистрлік диссертация жазу және дайындаудың әдістемелік негіздері
  • Электронды бизнесті басқару
  • Инновациялар және технологиялық өзгерістерді басқару
  • Мансаптық басқару
  • Бизнес коммуникацияларды басқару
  • Бизнес менеджмент
  • Стратегия және бизнес-саясат
  • Корпоративті ақпараттық жүйелер
  • Басшы мәдениетін басқару
  • Басқарушылық қызметтің құқықтық негіздері
  • Халықаралық корпоративтік менеджмент

Кәсіби тәжірибе

Оқу-өндірістік тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:

  • Педагогикалық (3 — апта) (үздіксіз)
  • Зерттеушiлік (6 — апта) І
  • Зерттеушiлік (6 — апта) ІІ

Ғылыми зерттеу жұмысы

  • Магистрлік диссертацияны орындауды қоса есептегендегі магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (үздіксіз) І *
  • Магистрлік диссертацияны орындауды қоса есептегендегі магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы ІІ

Магистранттар қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?

  • Қазақстан Республикасының кез келген жоғары оқу орындарында және кезкелген кәсіпорындарда педагогикалық және ғылыми-зерттеушілік тәжірибеден өте алады.

Қысқа мәлімет

Мамандығы

Менеджмент

Мамандық шифры

6М050700

Факультеті

Әлеуметтік ғылымдар

Оқу деңгейлері

Менеджмент мамандығы

бойынша экономика ғылымдарының магистрі

Оқу түрлері

Күндізгі

Оқу ақысы

ҚР азаматтары үшін

(тенге):

380 000 тг.

Шетелдік азаматтар үшін

(тенге):

500 000 тг.