6М051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару

БІЛІКТІЛІГІ

6М051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы  бойынша экономика ғылымдарының магистрі

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жалпы білім берудің мақсаттары:

  • Отансүйгіштік, Қазақстан Республикасы халықтарының достығы, әртүрлі мәдениеттерге, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету рухында тәрбиелеу;
  • Жалпы адамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтарын қалыптастыру;
  • Экологиялық, дене мәдениетін, этикалық, құқықтық мәдениетті және ойлау мәдениетін қалыптастыру;
  • Магистранттарды тілдік даярлау;
  • Кәсіби қызметте қажетті іргелі білім, білік және дағдыны қалыптастыру;
  • Қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму заңдылықтарын, Қазақстан тарихын, қазіргі ақпараттық технологияларды, мемлекеттік тілді, ұлтаралық қарым-қатынас құралы ретінде орыс және шетел тілдерін білу негізінде әлеуметтік-гуманитарлық білімді қамтамасыз ету;
  • Кәсіби білімнің іргетасы ретінде психологиялық-педагогикалық және арнайы сипаттағы базалық білімді қамтамасыз ету;

Жалпы білім берудің міндеттері:

  • Қазіргі басқару саласының мақсаты мен құрылымын, мамандардың рөлі мен маңыздылығын оқыту;
  • Басқаруда жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, менеджмент ғылымының озық әлемдік тәжірибесін меңгерту;

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Білімі:

  • Магистранттар қолданбалы, әдістемелік, ізденушілік және іргелі ғылыми  зерттеулер жүргізе біледі;
  • Кез-келген проблемалық жағдайда қолданылатын инновациялық іс-әрекеттерді толық өзіне қабылдап, оны шеше біледі;
  •  Басқарушының кәсіби абыройы мен қадір-қасиетін қорғау және педагогикалық этика нормаларын сақтай біледі;
  • Басқару заңдылықтары мен қағидаларды іс-тәжірибеде қолдана отырып, педагогикалық міндеттерді шешу барысында шеберлік таныта біледі;
  • Өзінің білім, білік дағдыларын пайдалана отырып, бағыныштыларға тиісті білімдер жүйесін меңгерте алады;

Қолдана білуі:

  • Мамандық бойынша игерген теориялық және практикалық білімдерін кәсіби деңгейде қолдана білуі керек;
  • Халықаралық деңгейде халықаралық бизнес серіктестермен шет тілінде байланыс жасай білуі керек;
  • Қазіргі заманауи жаңа ақпараттық технологиялармен жұмыс істей білуі керек.

Біліктілігі:

  • Әлеуметтік-экономикалық мәселелерді саясат саласында ұсыныстар мен сипаттамаларды тұжырымдайды және этикалық құқықтық нормаларды біліп, мемлекеттік мекемелерді басқаруға қабілетті.
  • Қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды біледі, өз қызметінің рефлексиясына деген ынтасын көрсетеді.

Құзіреттілігі:

  • Оқу-танымдық
  • Жеке тұлғалық
  • Коммуникативтік
  • Ғылыми педагогикалық

Мемлекеттік міндетті модуль

  • Ғылымның тарихы және философиясы
  • Шетел тілі (кәсіби)
  • Психология
  • Педагогика

ЖБТ1- Мемлекеттік басқару Адам

Модуль — Ұйымдық мәдениет және лидерлік

  • Көшбасшылық және билік
  • Мемлекеттік органдардағы ұйымдық мәдениет 

Модуль – Экономикадағы инновациялық үрдіс

  • Энергия, жасыл экономика және басқару
  • Инновациялық дамудың шетелдік тәжірибесі

ЖБТ2- Аймақтық басқару

Модуль — Мемлекеттік қызмет және кадрларды басқару

  • Мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі
  • Жергілікті басқару жүйесінде кадрлар қызметін ұйымдастыру

Модуль – Өңірлік даму және жергілікті басқару

  • Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқару
  • Жергілікті басқарудың шетелдік моделдері

Бейіндеуші пәндер модулі

Кәсіби міндетті модулі

  • Экономиканың нақты секторын мемлекеттік реттеу
  • Мемлекеттік басқару теориясы  мен тәжірибесі

 Кәсіби элективті модулі

  • Ғылыми зерттеуді жоспарлау және ұйымдастыру
  • Магистрлік диссертация жазу және дайындаудың әдістемелік негіздері
  • Ұлттық экономиканың бәсеке қабілеттілігі
  • Аймақтарда инновациялық қызметті басқару
  • Мемлекеттік инвестициялық саясат
  • Мемлекеттік қаржылық саясат
  • Адам капиталын мемлекеттік басқару
  • Қазақстанның экономикасының даму стратегиясы
  • Мемлекеттік басқару жүйесіндегі әлеуметтік-экономикалық жоспарлау
  • Қоғамдық қатынастарды басқару
  • Үкіметтік бағдарламаларды және жобаларды басқару
  • Халықаралық экономикалық интеграция

Кәсіби тәжірибе

Оқу-өндірістік тәжірибелер ҚР БжҒМ бекіткен Стандарттарда көрсетілген мерзім бойынша өткізіледі:

  • Педагогикалық (3 — апта) (үздіксіз)
  • Зерттеушiлік (6 — апта) І
  • Зерттеушiлік (6 — апта) ІІ

Ғылыми зерттеу жұмысы

  • Магистрлік диссертацияны орындауды қоса есептегендегі магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (үздіксіз) І *
  • Магистрлік диссертацияны орындауды қоса есептегендегі магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы ІІ

Магистранттар қандай мекемелерде тәжірибеден өте алады?

  • Қазақстан Республикасының кез келген жоғары оқу орындарында және кез келген кәсіпорындарда педагогикалық және ғылыми-зерттеушілік тәжірибеден өте алады.

Қысқа мәлімет

Мамандығы

Мемлекеттік және жергілікті басқару

Мамандық шифры

6М051000

Факультеті

Әлеуметтік ғылымдар

Оқу деңгейлері

Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы  бойынша экономика ғылымдарының магистрі

Оқу түрлері

Күндізгі