Стоматология факультеті

2013 жылы қыркүйек айының 1-ші жұлдызында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ғылыми Кеңес шешімі негізінде медицина факультетінің құрамында «Стоматология» кафедрасы ашылды.Кафедра меңгерушісі болып м.ғ.к., доцент м.а., жоғарғы санатты дәрігер-стоматолог Мұхтар Әмзебекұлы Искендиров тағайындалды.12.11.2016 жылғы Өкілетті Кеңестің 53-ші мәжілісінде Университет Сенатының 29.08.2016ж. 1-ші мәжілісінде қабылданған шешімдер талқыланып, нәтижесінде 2017-2018 оқу жылынан бастап университетте Стоматология факультетін ашуға шешім қабылданған болатын. Стоматология факультетінің деканы қызметіне 01.04.2017ж. күні  профессор, доктор Түркөз Юксел ханым тағайындалды.16.06.2017ж. өткізілген №6 Сенат мәжілісінде 2017-2018 оқу жылына Медицина факультетінің құрамынан Стоматология факультетіне «Стоматология», «Зертханалық  пәндер», «Адам патологиясы», кафедралары өткізілсін деген қаулы қабылданды.Стоматология кафедрасы «Терапиялық және ортопедиялық стоматология» және «Хирургиялық және балалалар жасындағы стоматология» кафедралары болып құрылуына қаулы етілді.Факультеттің штатын жалпы 53 ОПҚ құрап отыр, оның ішінде 21 ОПҚ ғылыми дәрежелі.Ғылыми дәрежелік-40%  (5 профессор, 7 ғылым кандидаты, 7 доцент, 1доцент м.а., 1 PhD) Қазіргі таңда факультетте 694 студент дәріс алуда.
Факультет студенттері үшін университетіміздің 110 орындық клиника-диагностикалық орталығында, Түркістан медициналық колледжінде, Облыстық клиникалық балалар ауруханасында, Облыстық стоматологиялық емханада, Шымкент қалалалық жедел жәрдем көрсету ауруханасында, ЖШС «Сара++» тіс емханасында, Түркістан қалалық «Эмаль» тіс емханасында, «Ырыс-дент» клиникасында, «Талғат» клиникасында практикалық дәрістер өткізіледі.
Факультеттің ерекшелігі- 2017-2018 оқу жылы қабылданған білімгерлер үшін Түркия мемлекетінің стоматологиялық жоғары оқу орындарымен сәйкескендіре отырып Негізгі Оқу Жоспары бекітілуіне байланысты, 1-ші курсқа қабылданған білімгерлер келесі оқу курстарына Түркияның кез-келген стоматологиялық ЖОО-да академиялық мобильділік алмасу бағдарламасы негізінде білім ала алатын мүмкіндікке ие болды.

1
Мамандық
694
Студент
90
Жұмыспен қамтылған
53
ОПҚ

Стоматология факультетінің ОПҚ және студенттері ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Факультет ОПҚ құрамы 2017-2018 оқу жылының басынан Thomson Reuters, Scopus, Elsevier  базасында тіркелген импакт-факторы әлемдік рейтингтік ғылыми журналдарда 2 мақала жариялады.
Факультет студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша республикалық және халықаралық конкурстарына және университетіміздің кезекті студенттердің ХХVI ғылыми-теориялық конференциясына қатысу жоспарланып отыр.

2017-2018 оқу жылында стоматология факультетінде білім алып жатқан 325 студент жатақханамен қамтамасыз етілген, оның ішінде әлеуметтік жағжайына байланысты 6 студент ақысыз негізінде жатақханаға орналастырылған.

Факультетте студенттік деканат құрамы және «Dental Way» жастар клубы жұмыс атқарады.

Университетіміздің басшылығы 2008 жылы Түркия Республикасының Хажеттепе университетімен студенттер алмасу туралы келісім шартқа қол қойып, нәтижесінде,жоғары курс студенттері шет елдерде оқуға мүмкіншілік алды.Қазіргі таңда осы бастаманың жалғасы ретінде Түркия мемлекетінің басқа да университтерінде білімгерлеріміз Мевлана бағдарламасы аясында білімін жетілдіруде.
Сонымен қатар, Visiting-professor бағдарламасы аясында Түркия Ондокуз майыс, Гази, Анкара, Хажэттепе, АҚШ Гарвард университтерінен, шетелдік профессорлар дәріс беруде.
Биылғы 2017-2018 оқу жылының екінші жарты жылдығына 5 визитинг-профессорлар шақыру жоспарланып отыр.

Білімгерлер іс-тәжірибе өтетін жекеменшік және ұлттық медициналық 23 мекемелермен келісім-шарттардың түзілуі. Факультеттің қарқынды дамуының негізгі көрсеткіші ретінде 2015-2016 оқу жылы Ұлттық Аккредитациядан сәтті өтуі. Ғылыми дәрежелі оқытушы саны артуда.2017-2018 оқу жылында басшылық құрамының ағылшын және түрік тілдерінен сертификаттарға ие болуы. 2017-2018 оқу жылында факультет клиникасының талапқа сай жөндеу жұмыстарынан өтіп, қолданысқа берілуі. Факультет студенттерінің Мәдени және қоғамдық іс-шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуы. Факультетте білім алып жатқан шеттен келген студенттер жатақханамен қамтамасыз етілген.