Мевлана алмасу бағдарламасына тапсырған студенттер мен оқытушылар назарына

Мевлана алмасу бағдарламасына тапсырған студенттер мен оқытушылар назарына

Түркия Республикасы Жоғары білім кеңесінің 13.03.2020 жылғы мәлімдемесінің 11-бабына сәйкес, COVID-19ға  байланысты   2020 – 2021оқу жылына арналған Мевлана алмасу бағдарламасы тоқтатылғанын хабарлайды

Тиісті ақпарат мәтінін алу үшін басыныз.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру жоспарын бекіту туралы бұйрығы

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы №39 «Академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру жоспарын бекіту туралы бұйрығы» негізінде университетімізге 4 орын бөлініп отыр. Осыған орай халықаралық сертификаты (IELTS, TOEFL) бар білім алушылар болса, көшірмесін 10.02.2020 күніне дейін алып келулеріңізді сұраймыз.

Ескерту: тек бакалавр мамандықтары үшін

Виза бойынша мемлекеттік қызмет көрсету құны

 АНЫҚТАМА

Виза бойынша  мемлекеттік қызмет көрсету  құны

Қызмет атауы Көрсетілген қызметтер бірлігінің бағасы (теңге)  2019 жылға
1. Бір  мәртелік виза 7     АЕК (18 557  теңге + қосымша банк қызметі  2020 жыл)
2. Көп мәртелік виза 30   АЕК  (79 530 теңге  + қосымша банк қызметі 2020 жыл)
3. Шығу визасы 0,5  АЕК   (1 326  теңге  + қосымша банк қызметі 2020 жыл)
4. Шақырту 0,5  АЕК   (1 326  теңге  + қосымша банк қызметі  2020 жыл)

Ескерту: Визаға тапсыру  немесе мемлекетінен шақырту жасау үшін керек құжаттар тізімі

  1. Казпошта арқылы төленген түбіртек түпнұсқасы
  2. Факультеттен анықтама
  3. Паспорт
  4. Шығу визасы үшін сот қаулысымен немесе оқудан шыққан жағдайда бұйрықтан үзінді негізінде
  5. Мемлекетінен шақырту жасау үшін вице-президент атына өтініш жазылады қол қояды және университет есебіне 0,5 АЕК ( 1326 теңге  + қосымша банк қызметі    төленеді)
  6. Ұлты қазақ туралы анықтама негізінде визаға қаражат төленбейді.

1 АЕК = 2 651 теңге — 2021 жылдың 01 қаңтарына дейін

Бұйрықтар

Визасыз кіретін елдердің тізімі

Визамен қамтамасыз ету бөлімі