УНИВЕРСИТЕТ АШЫЛУ ТАРИХЫ

 

Nazarbayev

Н.Ә.Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті туысқан екі халық арасындағы байланысты нығайтып қана қоймайды, ол белді ғылым шаңырақтарының қатарына қосылады.
Demirel

Сүлейман Демирел

Түркия Республикасының Экс-Президенті
«... Ұлы ойшыл бабамыз Қожа Ахмет Ясауиге топырағы бұйырған қасиетті ата қонысымыз – Түркістанда шаңырақ көтерген бұл университет әлемдегі ең озық ғылым мен білім ордаларының біріне айналатынына кәміл сенемін».
1992 жылы 1 мамырда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Түркия Республикасы Премьер министрі С.Демирель кездесуінде Түркістан университетіне “халықаралық университет” мәртебесі берілді.
1992 жылы 31 қазанда “Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін құру туралы” салалық келісім-шарт жасалды. Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті алғашында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1991 жылғы 6 маусымдағы №329 Жарлығымен Түркістан Мемлекеттік университеті болып құрылды.
1992 жылғы 31 қазанда Анкарада Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы Үкіметтері арасында осы оқу орнын «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті етіп қайта құру туралы» келісімге қол қойылды. Университет – түркі тілдес мемлекеттер арасында ең алғаш халықаралық мәртебеге ие бірден-бір оқу орны.
Мұнда әлемнің 32 түркі жұрағаты тұратын елдерден келген жастар білім алуда. Университетте алғаш небәрі 332 студент оқуға қабылданған болса, қазіргі таңда барлығы 30 мыңға жуық студент қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде білім алады, 75 бакалавриат, 20 магистратура және аспирантура бағдарламалары бойынша жоғары білімді кәсіби мамандар дайындалады.
Білім ордасы Қазақстан мен Түркия Республикалары тарапынан құрылған 10 мүшеден тұратын Үкіметаралық Өкілетті Кеңес арқылы басқарылады.
Үкіметаралық Өкілетті Кеңесінің бірінші төрағасы Намық Кемал Зейбек 1993-2006 жылдар аралығында университеттің өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосты.
2006-2008 жылдарда Четин Доған, 2008-2015 жылдары Осман Хората. Ал, 2015 жылдың 9-мамыр күнінен бастап Өкілетті Кеңес төрағасы қызметіне Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанның бекітуімен Гази университетінің оқытушысы профессор, доктор Мұса Йылдыз тағайындалды.
Университеттің алғашқы президенті, х.ғ.д., профессор Мұрат Жұрынұлы Жұрынов 1991-2001 жылдар аралығында университет президенті қызметін атқарды.
2001-2003 жылдар аралығында э.ғ.д., профессор Оразалы Сәбден
2003-2007 жылдары п.ғ.д., профессор Серік Жайлауұлы Пірәлиев басқарды.
2008-2013 жылдың қаңтар айынан бастап техника ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі Лесбек Тәшімұлы Тәшімов басқарды.
2013 жылдың мамыр айынан бастап Әбдібеков Уәлихан Сейділдәұлы басқарып келеді.
Біздің ректорлар

 

Zhurinov

Жұрынов Мұрат Жұрынұлы

ғалым, химия ғылымдарының докторы (1981), профессор (1981), Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (1994)
Sabdenov

Сабденов Оразалы

Ұлттық ғылым академиясысының ғалым, экономика ғылымдарының докторы
Praliyev

Пірәлиев Серік Жайлауұлы

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының ғалымы, Халықаралық инженерлік академияның корреспондент-мүшесі
Tashimov

Тәшімов Лесбек Тәшімұлы

Техника ғылымдарының докторы, профессор, ғалым
Tashimov

Әбдібеков Уалихан Сейділдаұлы

Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор

Бізбен хабарласыңыз!

  • Адрес: Түркістан қаласы, Бекзат Саттарханов даңғылы, 29
  • Tel: +7(72533) 6-36-36
  • Email: rector@ayu.edu.kz
  • Press Office: pressa@ayu.edu.kz
Top