Өкілетті кеңес

  • Өкілетті кеңес мүшелері

    musayildiz2015

    Профессор доктор Мұса ЙЫЛДЫЗ

    Өкілетті Кеңес төрағасы, 

    Гази университетінің профессоры

     TakirOspanuli

    Проф. доктор Такир Оспанұлы БАЛЫҚБАЕВ

    Өкілетті Кеңес төрағасының орынбасары,  ҚР. Білім және ғылым вице-министрі

    AsilovaBibigul

    Бибігүл Аманкелдіқызы АСЫЛОВА

    Өкілетті Кеңес мүшесі, 

    ҚР. Қаржы министрлігі Әлеуметтік сала бюджеті департаментінің директоры

    SerdarCham

    Доцент доктор Ибрахим КАЛЫН

    Өкілетті Кеңес мүшесі,

    Т.Р. Президент Кеңсесінің Бас хатшы орынбасары

    MahmetgaliNurgali

    Профессор доктор

    Махметғали Нұрғалиұлы САРЫБЕКОВ

    Өкілетті Кеңес мүшесі,

    М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры

    HuseyinKarakum

    Доктор Сердар ЧАМ Өкілетті Кеңес мүшесі, Т.P. Үкіметі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің төрағасы

     

    JasulanShaimardanov

    Проф. доктор

    Жасулан Құдайбергенұлы ШАЙМАРДАНОВ

    Өкілетті Кеңес мүшесі, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры

    Huseyin

    Хүсейін ҚАРАКҰМ

    Өкілетті Кеңес мүшесі, 

    Т.Р. Қаржы министрлігі Салықтық бақылау кеңесінің төрағасы

    MuhittinShemshek

    Профессор доктор Мұхиттин ШИМШЕК

    Өкілетті Кеңес мүшесі,

    Мармара университетінің профессоры

    rektor foto2

    Профессор доктор

    Уәлихан Сейділдәұлы ӘБДІБЕКОВ

    Өкілетті Кеңес мүшесі,

    Ахмет Ясауи университетінің президенті

     

  • Өкілетті Кеңестің қызметі мен міндеттері

    Өкілетті Кеңес – ортақ мекеме, ортақ басқару ұстанымын басшылыққа ала отырып, университетті басқаруда әкімшілік, қаржылық және академиялық әдістер мен негіздерді белгілеу құзіретіне ие, университеттің заңды тұлғалық мәртебесіне өкілдік ететін ең жоғарғы шешім қабылдаушы органы болып табылады.
    Өкілетті Кеңес 10 (он) мүшеден тұрады. Өкілетті Кеңестің 5 (бес) мүшесі Түркия Республикасы Үкіметі тарапынан жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер арасынан тағайындалады. Осы мүшелердің біреуі Түркия Республикасының Президенті тарапынан Өкілетті Кеңес төрағасы болып тағайындалады.
    Өкілетті Кеңес төрағасының өкілі (төраға орынбасары) және 4 (төрт) мүшесі Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер арасынан қолданыстағы заңнамаға сәйкес тағайындалады.
    Университет ректоры Өкілетті Кеңестің мүшесі болып табылады.
    Өкілетті Кеңес мүшелерінің жұмыс істеу мерзімі – 5 (бес) жыл. Кеңес мүшелігінде орын босаған жағдайда жоғарыда көрсетілген тәртіппен мүше тағайындалады. Негізгі мемлекеттік қызметі сақтала отырып, Өкілетті Кеңеске тағайындалған төраға және мүшелері, негізгі мемлекеттік қызметінен босаған жағдайда Өкілетті Кеңестегі мүшелігі де аяқталады.
    Университет ректорының мүшелігі қызмет мерзімімен шектеулі.
    Өкілетті Кеңес мәжілісі жылына ең кемі екі рет өткізіледі. Мәжіліс орны, өтетін уақыты және күн тәртібі университет ректоры мен Кеңес мүшелерінің ұсыныстары назарға алына отырып, Өкілетті Кеңес төрағасы тарапынан белгіленеді. Мәжіліс жиналымы ең кемі 7 (жеті) мүшесі қатысқан жағдайда жұмыс істеу құқына ие болады. Әрбір мүше өзінің пікірін «қарсы емеспін» немесе «қарсымын» деп білдіреді. Дауыстар тең болған жағдайда Өкілетті Кеңес төрағасының дауысы екі дауыс болып саналады.

  • Университеттің құрылымдық басқару және білім беру үдерісін регламенттейтін Жарғысын дайындау, қажет болған жағдайда өзгерістер мен толықтырулар жасау және қолданысқа енгізу;
  • Университеттің қаржылық және құқықтық мәселелеріне қатысты университет атынан Тарап мемлекеттерде жылжымайтын мүлік иелену, сату, құрылыс жүргізу, оларды университет атынан тіркеу және меншігінен шығару мәселелері бойынша шешім қабылдау;
  • Өкілетті Кеңестің жұмыс істеу негіздері мен ережелерін белгілеу;
  • Университеттің Қазақстан Республикасында немесе тыс жерлерде академиялық, әкімшілік және қаржылық бөлімшелерді (филиалдар) ашуға, олардың қызметін тоқтатуға немесе біріктіруге қатысты ұсыныстар бойынша шешім қабылдау, тиісті мемлекеттің қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркеуден өткізу, рұқсат, лицензия алу және аккредиттеу іс-шараларын жүзеге асыру үшін қажетті тағайындаулар жасау;
  • Университет органдары мен құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс істеу негіздері мен ережелерін, қызметтік міндеттері мен жауапкершіліктеріне қатысты ұсыныстар мен регламенттер бойынша шешім қабылдау;
  • Университет бюджетін қарастыру, қажет болғанда қайта қарау және бекіту, келесі жыл үшін қажетті төлемақы мөлшерін белгілеу, Тарап мемлекеттерге хабарлау;
  • Университет ректорының академиялық, әкімшілік және қаржылық іс-шараларына қатысты жылдық қорытынды есебін және нақты есебін қарастыру және бекіту;
  • Университеттің стратегиялық жоспары мен жылдық даму көрсеткіші есептерін қарастыру және бекіту;
  • Студент контингентін бекіту;
  • Университеттің академиялық және әкімшілік саласында мамандар құрамын қалыптастыру және өзгерту; тағайындау, қызметін жоғарылату, жалақы төлеу негіздері мен ережелері туралы ұсыныстар бойынша шешім қабылдау;
  • Бакалавриат, магистратура және докторантура оқу бағдарламалары мен жоспарына өзгеріс енгізу ұсыныстары бойынша шешім қабылдау;
  • Университет ректоры және ректор өкілі (бірінші орынбасарына) қатысты түскен шағымдарды қарастыру, қажет болған жағдайда мән-жайын анықтау және қызметінен босату туралы құзыретті органдарға ұсыныс беру.
  • Бізбен хабарласыңыз!

    • Адрес: Түркістан қаласы, Бекзат Саттарханов даңғылы, 29
    • Tel: +7(72533) 6-36-36
    • Email: rector@ayu.edu.kz
    • Press Office: pressa@ayu.edu.kz
    Top