МЕЖЕСІ БИІК МӘЖІЛІС

Бүгін, 28 желтоқсан күні Ахмет Ясауи университеті Мәдениет Орталығының кіші залында №3 Сенат мәжілісі  өтті.

Мәжіліске Сенат мүшелері, кафедра меңгерушілері, құрылымдық бөлім басшылары мен күн тәртібіне қатысы бар қызметкерлер қатысты.

Оқу-әдістемелік ісі жөніндегі вице-президент Б.Ахметов, I вице-президент М.Куталмыш ұжымды Жаңа жылмен құттықтап, игі тілектерін білдірді.

2016 жылды қорытындылайтын Сенат дәстүрлі марапаттаудан басталды. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне  қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен «Акушерлік іс және гинекология» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., Р.Нурхасимова, Шымкент медицина институтының директоры, м.ғ.д., профессор Р.Бектұрғанов, Медицина ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, м.ғ.д., профессорУ.А.Жумабаев  марапатталды.

 Сондай-ақ, басшылар «Өнер» факультеті «Дене тәрбиесі» кафедрасының аға оқытушысы, PhD Б.С.Омаровты, «Жаратылыстану» факультеті «Экология және химия» кафедрасының доценті, п.ғ.к., Г.Н.Жылысбаеваны, «Өнер» факультеті «Орындаушылық өнер» кафедрасының доценті, п.ғ.к., доцент м.а. Р.Ш.Сыздықованы, «Әлеуметтік ғылымдар» факультеті «Экономика» кафедрасының профессоры, э.ғ.д.  С.С.Ыдырысты «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» Мемлекеттік грант иегері атануымен құттықтады. 

         Университеттің өндірістік-шаруашылық ісі жөніндегі вице-президенті Н.Батырбаев «2016 жылғы университеттің материалды-техникалық, шаруашылық және қаржылық қызметтерінің қорытындысы және 2017 жылға арналған қаржылық жұмыстарды жоспарлау, бекіту мәселесі туралы» баяндама жасады. Университеттің материалдық-техникалық базасының көрсеткіштері, жердің аумағы, атқарылған іс-шаралардың түрлері, бөлінген ағымдағы қаржылар жөнінде есеп берді.

      «Еуразия» ғылыми-зерттеу институтының  директоры Н.Шимшек 2014-2016 оқу жылдары аралығында атқарылған істері жөнінде ауқымды есеп берді.

Сондай-ақ, университет Ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, бекіту, «Түркология» ғылыми-зерттеу институтының Ережесі, «Бүгінгі түркология: өзекті мәселелері мен алдағы міндеттері атты ғылыми семинар Ережесін бекіту, қолдануға жарамсыз, тозығы жеткен, кестеде көрсетілген автокөліктерді университет қызметкерлері мен жұмысшыларына қалдық бағамен сату мәселесі, академиялық мәселелер бойынша, 31 мамандыққа лицензия алу жөнінде ҚР БҒМ ұсыныс жіберу сияқты әртүрлі мәселелер қаралып, Б.Ахметов жауап берді.

Сонымен қатар, баспаға ұсынатын университет ОПҚ-ның дайындаған оқулық, оқу құралы мен монографияларын, Докторанттар мен магистранттардың диссертациялық тақырыптарына өзгерістер енгізу және бекіту мәселесі қаралып бекітілді.

Б.Оспанова

фото:Н.Искаков

Ақпарат орталығы

29.12.jpg

29.121.jpg

29.122.jpg

Бізбен хабарласыңыз!

  • Адрес: Түркістан қаласы, Бекзат Саттарханов даңғылы, 29
  • Tel: +7(72533) 6-36-36
  • Email: rector@ayu.edu.kz
  • Press Office: pressa@ayu.edu.kz
Top