Жаңа жыл жаңа табыстарға жетелесін!

Қымбатты университетіміздің оқытушы-профессорлары және қызметкерлері! Сүйікті студенттер!

Сіздерді келе жатқан жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

       Біз Мешін жылын шығарып салып, жаңа Тауық жылын күтіп отырмыз. Өткен жыл еліміз үшін де, оқу орнымыз үшін де өте берекелі жыл болды деп айта аламыз.  

       2016 жылы университетіміз үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтар болсақ: Қазыбек би көшесіндегі №6 студенттер жатақханасы күрделі жөндеуден өтіп, Ашық спорт алаңын пайдалануға бердік;Түркия тарапынан студенттерге тегін білім алу үшін 500квота бөлінді; 327 студентіміз ҚР грантына, 200 студент ТД грантына ие болды. Студенттеріміз білім, өнер, спорт саласында да үлкен жетістіктерімен қуантты; Әлем, Азия, ҚР біріншілігінен, халықаралық жарыстардан, республикалық турнирлардан 78 студентіміз жүлдегер жеңімпаз атанды, ән-жыр додасынан топ жарған жастарымыз да бар.

       Ел Тәуелсіздігінің және университетіміздің 25 жылдық мерекелері мерейімізді асырды. Осы орайда, жемісті еңбек етіп келе жатқан оқу орнымыздың 600-ден астам оқытушы-профессорларына, қызметкерлеріне  «ХҚТУ 25 жылдығы», «Ясауи жылы» мерекелік медальдары табысталды. Сондай-ақ, ҚР Президентінің 29 қараша 2016 жылғы №380 Жарлығына сәйкес «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерекелік төсбелгісімен 5 әріптесіміз марапатталды. Ал, ҚР Президентінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес университетіміздің «Ардагерлер ұйымының» төрағасы, профессор Б.Накипов «Құрмет» орденіне ие болды. Міне, осы секілді мақтан тұтарлық игілікті жақсылықтарға кенелдік.

       Сондай-ақ, Республикалық және Халықаралық білім сапасы сараланған рейтингтерде оқу орнымыз жақсы нәтижелерге ие болды. «Білім беру сапасын қамсыздандыру тәуелсіз Қазақстандық агенттігiнің» (БСҚА) 2016 жылғы рейтингтік көрсеткішінде университетіміз 9-орынға ие болды. Ал,QS (Quacquarelli Symonds) халықаралық зерттеу орталығының 2016-2017 жылға арналған Шығыс Еуропа және Орталық Азияның 20 елінен 200-ден астам университет қатысқан рейтинг нәтижесінде университетіміз 169 орынға тұрақтады.  

       Құрметті әріптестер, шәкірттер! Міне, мұның барлығы да Мешін жылында біз бен сіз бағындырған белестер.

       Табалдырықтан аттағалы отырған Тауық  жылы университетіміз үшін үлкен жетістіктерге толы жыл болады деп ойлаймын. Жаңа жыл табалдырығын жақсы көңіл-күймен аттайық. Біз алдымызға үлкен жоспарлар қойдық. Осы жолда бірге қызмет етеміз деген сенімдемін.

       Қымбатты университет ұжымы!

       Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Жаңа жыл – жаңа үміттер мен жаңа жоспарларға толы болсын! Сіздерге толағай жетістіктер мен кәсіби табыстар тілеймін. Бұл жылы жақсы өзгерістер, қуанышты сәттер көп болсын. Жаңа жылда алға қойған барлық мақсаттарымыз орындалсын!

       Жанұяларыңызға баянды бақыт,  шаттық пен береке, бірлік тілеймін!

Құрметпен;

У.С.Әбдібеков,

университет президенті,

профессор.

rektor_sozi.jpg

Бізбен хабарласыңыз!

  • Адрес: Түркістан қаласы, Бекзат Саттарханов даңғылы, 29
  • Tel: +7(72533) 6-36-36
  • Email: rector@ayu.edu.kz
  • Press Office: pressa@ayu.edu.kz
Top