Ахмет Ясауи атындағы дінтану ғылыми-зерттеу, талдау-сараптамалық және әдістемелік орталықтың негізгі мақсаты:  Дін ғылымдары саласында іргелі  ғылыми жобаларды  зайырлылық қағидаларға сай жүзеге асыратын көпбағытты, көпқабатты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу. Адамзат тарихындағы діни үдерістердің  тарихы мен негіздеріне талдау  жасап, діннің мәдениет қалыптастырушылық қызметін айқындау және  қазіргі  кезеңдегі  діни мәселелерді  сараптау-талдау және  әдістемелік нұсқау беру.
Міндеті: Іргелі ғылыми зерттеулерді  жүргізу арқылы  отандық дінтанудағы  өзекті бағыттарды дамыту, Қожа Ахмет Ясауидің  рухани мұрасы және  түркілік мұсылмандықтың өзекті мәселелерін қазіргі заманға сәйкес  жаңаша қырынан зерттеу,  әлемдік діни мұраны  және  дінтану  ғылымындағы  танымал  зерттеулерді мемлекеттік тілге аудару, халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында дінтану бағыты бойынша шетелдік  ғылыми және  білім беру ұйымдарымен  әріптестік орнату, республикалық және шетелдік деңгейде  іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу үшін  гранттар алу мақсатында конкурстарға қатысу, отандық  және  халықаралық ұйымдардың  ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен  жобаларына, конференцияларына қатысу, республикалық, халықаралық конференциялар, семинарлар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру, дін саласындағы материалдарға  талдау-сараптамалық жұмыстар жүргізу, мемлекет пен дін және конфессия аралық қатынастар мен қоғамдағы рухани келісім мәдениеті мен діни жағдайға байланысты  дінтанулық-теологиялық кеңестер беру, дін  саласындағы  мамандардың дінтанулық және теологиялық біліктілігін арттыру,  Республикадағы  дін саласындағы  мемлекеттік мекемелер және ұйымдармен байланысты нығайту, мемлекеттік конфессиялық қатынастар саласында  әдістемелік материалдар мен оқу-әдістемелік  әдебиеттерді әзірлеуге қатысу  болып табылады.