Ахмет Ясауи атындағы дінтану ғылыми-зерттеу, талдау-сараптамалық және әдістемелік орталықтың  ғылыми бағыты:

-дінтану және исламтану бағытында іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу;
-дін саласындағы іргелі  еңбектерді мемлекеттік тілге аудару;
-Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасын зерттеу, зерделеу және бүгінгі  таңдағы  өзектілігін ғылыми негіздеу;
-діни әдебиеттер мен материалдарға  сараптамалар жасау, мемлекет және  дін, дінаралық келісім мен діни төзімділік, қоғамдағы діни  ахуалды талдау, сараптау және кеңес беру;