ERASMUS+ БАҒДАРЛАМАСЫ ТУРАЛЫ

Эразмус+ — Еуро одақтың білім беру мен оқыту, спорт және жастар саясаты салаларындағы академиялық ұтқырлыққа, әріптестікке, жобаларға қолдау көрсетуге бағытталған 2014-2020 жылдарға арналған жаңа бағдарламасы.
Ағылшын тіліндегі толық ақпаратты мына сайттан көруге болады:  http://ec.europa.eu/programmes/erasmus-plus/index_en.htm.
Эразмус+ бағдарламасы білім беру мен оқыту жүйесінің тұрақты дамуы мен жаңартылуына, спорт және жастар саясатын дамытып, қолдау көрсетуге, сондай-ақазаматтардың қабілеттерін арттыру арқылы олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін жеңілдетуге бағытталған. Жаңа бағдарлама Адами құндылықтарға салынатын инвестициялар көлемі найтарлықтай арттыруды көздеп отыр.

ERASMUS+ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША СЕРІКТЕСТЕР

Бұл бағдарлама 2007-2013 жылдарда жұмыс істеген «Өмір бойы білім алу» (Эразмус, Леонардо да Винчи, Комениус және Грюндтвиг), «Жастар іс-қимылы», «Бес халықаралық ынтымақтастық» (Эразмус Мундус, Темпус, Альфа, Едюлинк және өнер кәсібі дамыған елдер мен ынтымақтастық) бағдарламаларының біріктірілуінен жасалған. Бағдарламаның халықаралық өлшемі (яғни серіктес елдер мен әріптестігі) жоғары білім мен жастар саясатына басым бағыт береді. Жоғары білім беруде екі бағдарлама (бірлескен магистрлік дәреже алу және Жан Моне бағдарламасы) Еуроодақтың ішкі бюджетінен қаржыландырылады. Басқа екі бағдарлама (кредиттік тұтастық және мүмкіндіктерді арттыру) сыртқы әріптестікті дамыту қорынан қаржыландырылады.