Көші-қон Ережесі

             Қожа Ахмет Ясау атындағы  Халықаралық қазақ-түрік университетінің  Визамен қамтамасыз ету және шетелдік студенттермен жұмыс жүргізу»  бөлімі оқу ордасының әкімшілік құрылымдық  бөлімі болып табылады. Университетіміз халықаралық болғаннан кейін университетке қызметке, оқуға келетін шетелдік немесе  шет елдерге шығатын  Қазақстан Республикасының азаматтарына шақырту, ал  шетелдіктерге  визалық қолдау жұмыстарын ұйымдастырады. Қазақстан республикасы шекарасынан өткен шетелдік шетелдік тұлғалардың төлқұжаттарын еліміздің қолданстағы  Көші-қон заңының талаптарына сәйкес жергілікті жердегі көші-қон органдарында  тіркеу, және қайта тіркеу, жұмыстарын атқарады. Осы қызметтерді атқару барысындағы туындаған мәселелерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің  Консулдық қызмет департаменті  және Түркістан облысы  Көші-қон  қызмет басқармасы арқылы шешімін тауып отырады. Қажет болған жағдайда өкілетті орган шетелдік жұмыс күшін  тарту лицензия  мәселелерімен де айналысады.
Қазіргі таңда университетімізде 17-мемлекет  32-ұлт пен ұлыс өкілдерінен  1400-ге жуық шетелден келген білімгерлер білім алып, 60-қа жақын шетел  азаматтары қызмет атқаруда.

«Визамен қамтамасыз ету жәнге шетел студенттерімен  жұмыс жүргізу» бөлімінің негізгі мақсаты шетел азаматтарының  Қазақстан Республикасының Көші-қон заңының талаптарына сай елдің аумағында жүріп-тұруы, Ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттің шекарасынан өткен әрбір шетелдіктің паспортына өткен мерзімі жөнінде штамп  қойылады.
Осы шекарада толтырылған көші-қон карточкасында көрсетілген күннен бастап карточканың артқы бетінде жазылғандай 5 (бес) тәуліктің ішінде,  шетелдік азамат жергілікті келген жеріндегі Көші-қон қызмет полициясы басқармасында тіркеуге алынуы керек.
Тіркеу мерзімі оқытушы-профессорларға, қызметкерлерге университетпен жасалған келісім-шарт мерзіміне байланысты виза мерзімі беріледі, тіркеу мерзіміде виза мерзімімен сәйкестендіріледі.

Университетіміздегі шетел азаматтары көші-қон саласындағы заңнамалардың бұзылмауына жол бермеу және алдын алу мақсатында  университетіміздің Студенттердің ішкі тәртіп сақтау Ережесінде көрсетілген бірқатар талаптарды қатаң сақтаулары қажет.

Студенттердің ішкі тәртіп сақтау Ережесі

9-бабы. Қатаң сөгіс

о) Визасыз келетін шетел азаматтары Қазақстан Республикасына кірген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Визамен қамтамасыз ету және шетелдік студенттермен жұмыс жасау бөліміне Ішкі істер департаменті Көші-қон басқармасына тіркеуге қою үшін паспорттарын тапсырмаған жағдайда;
п) Факультет декандарының рұқсатынсыз жыл бойы (365 кун) өз еліне және басқа елге шекарадан шығып-кірген жағдайда;
р) Шетел білімгерлер өз төлқұжатын жоғалтқан, төлқұжатының аяқталу мерзімін өткізіп алған жағдайда;
с) Көп мәртелік визаны ұзарту кезінде шетел білімгерлердің төлқұжатының аяқталу мерзімі 15 айдан кем болған жағдайда;
т) Шетел білімгерлері Факультет декандарының рұқсатынсыз университет жатақханасынан басқа мекен-жайларға өз еркімен тұрған жағдайда және өзі туралы мәліметтерді қате, жалған берсе немесе ауысқан жағдайда дер кезінде деканатқа, Визамен қамтамасыз ету және шетелдік студенттермен жұмыс жасау бөліміне ескертпеген жағдайда (шетелдегі мекен-жайы, қазақстандағы мекен-жайы, электрондық поштасы, ұялы телефоны т.б.).
у) Шетел азаматтары университет басшылары мен факультет декандары, Визамен қамтамасыз ету және шетелдік студенттермен жұмыс жасау бөлімінің қызметкерлерінің  қызмет барысындағы талаптарына бағынбаған жағдайда (паспорттарын тапсыруға қарсылық білдіру, басшылар мен қызметкерлердің этикалық қарым-қатынастарына сөз арқылы нұқсан келтіру т.б.)

10-бабы. Оқудан шығару

р) Визалық елдерден келетін шетел білімгерлері оқу визасының ақшасын уақтылы мерзімінде төлемегені үшін;
с)  Визалық елдерден келетін шетел білімгерлері Визамен қамтамасыз ету және шетелдік студенттермен жұмыс жасау бөліміне визалары бітетін мерзімнен 30 (отыз) жұмыс күні бұрын паспортын, виза ақшасының түбіртегін және Білімгер туралы анықтамасын өткізбегені үшін.
т) Визалық елдерден келетін шетел білімгерері Түркістан облысы Ішкі істер департементі Көші-қон басқармасына хабарлама беру үшін Қазақстан Республикасына кірген күннен бастап 3 (үш) күн ішінде Визамен қамтамасыз ету және шетелдік студенттермен жұмыс жасау бөліміне паспорттарын тапсырмаған жағдайда;
у) Шетел азаматтары университетімізге білім алу үшін арнайы шақырту арқылы оқу визасымен келіп сабақтан тыс уақытта (кафе, ресторан, бар, т.б. орындарда) заңсыз жұмыс атқарып жүргендігі жөнінде ІІД қарасты  көші-қон басқармасы тарапынан тексерістер мен рейд жүргізіліп арнайы хаттама толтырылып  анықталған жағдайларда;
ү) Шетел азаматтары жоғарыда көрсетілген визаға қатысты талаптарды орындамай екі рет қатарынан қатаң сөгіс алған жағдайда;