Тәлімгер комитеті

Тәлімгер комитетінің негізгі мақсаты –тәрбие, рухани жаңғыру, жастар ісі және студенттік стартап жобалар саясаттын жүзеге асыру механизмдерінің, яғни зерттеу бағыттары мен тақырыптарының өзектілігі заман талаптарын қанағаттандырылуын координациялау болып табылады.

Тәлімгер комитетінің негізгі міндеті –тәрбие саласының және қызметтерінің барлық деңгейлеріндегі ізденістердің инновациялық бағытта болуын  қамтамасыз ету мақсатында мәдени ісшаралар, студенттердің әлеуметтік жағдайы, сараптамалық тыңдаулар, мәжілістер, семинарлар өткізу, шешім қабылдау, ұсыныс еңгізу.

  • Кешенді тәрбиелік, ғылыми-тәжірибелік жұмыстарды, инновациялық жобаларды орындауда ҚР БжҒМ талаптары мен ӨК шешімдерін және университеттің Стратегиялық даму жоспарының орындалуына жетекші болу;
  • Тәрбие, студенттерің әлеуметтік мәселелері және өндірістік жұмыстарды интеграциялауды ұйымдастыру;
  • Рейтинг бойынша тәрбие саласы бойынша ОПҚ-дың талдауын жасау, ұсыныс енгізу;

ТӘЛІМГЕРЛЕР КОМИТЕТІНІҢ ЖҰМЫС РЕГЛАМЕНТІ

Тәлімгерлер комитетінің құрамына төраға, төраға орынбасары, бас-хатшы мен комитет мүшелері жатады. Комиет төрағасы университет Әлеуметтік қолдау және тәрбие істері жөніндегі вице-президент болып табылады. Басқа вице-президенттер де (келісімімен) ТК-ке тәрбие бойынша сала басшылары мен деканның тәрбие жөніндегі  орынбасарлары, студенттік кеңестен бір білімгер мүше бола алады.

Комитет құрамы Әлеуметтік қолдау және тәрбие істері жөніндегі вице-президент ұсынысымен, Университет Президентінің бұйрығымен бекітіледі.

ТК мәжілісі екі айда бір реттен кем емес өткізіледі. Комитет мәжілісі комитет мүшелерінің жартысы қатысқанда жүргізіледі, шешім мүшелерінің 2/3 бөлігі қолдағанда қабылданады.

ТК отырысының күн тәртібінде қаралатын мәселелері ТК төрағасымен бекітіліп, Комитет отырысының басталуына дейін 5 күн бұрын комитет мүшелеріне хабардар етіледі.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ТК-нің жұмысы жыл сайын құрылатын және оқу жылына бекітілетін жоспарға сәйкес жұмыс атқарылады. ТК жұмыс жоспары жыл сайын ТК төрағасымен бекітіледі.

ТК мәжілістерінің шешімдері хаттама түрінде рәсімделеді. Хаттама төрағамен, бас-хатшымен қол қойылып, 3 жұмыс күні мерзімінде қаралған мәселелерге қарасты бөлімшелерге үзінді ретінде таратылады.

  • Shape Images