Білім алушыларға қызмет көрсету орталығы

Ахмет Ясауи университетінде білім алушыларға сапалы және жылдам қызмет түрін тиімді ұсыну мақсатында 2018 жылдың 01 қыркүйек күні «Білім алушыларға қызмет көрсету орталығы» құрылды.
Ахмет Ясауи университеті – Білім алушыларға қызмет көрсету орталығында білім алушылар оқу үрдісінде анықтамалар алуда (№4, 6, 8 түрлері бойынша), транскрипт алуда, өтініштері бойынша қызметтерді алуда, жатақханаға орналастыруда, академиялық ұтқырлық бағдарламасы және тағы да басқа құжаттар мен мәліметтерді алуда ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді.
Орталық «бір терезе» қағидасын басшылыққа алып, білім алушыларға сапалы және жылдам әрі тиімді түрде қызмет көрсетудің мәдениеті мен сапасын арттыруды басты мақсаты мен міндеті ретінде алады.

Білім алушылар үшін оқу үрдісін ұйымдастыруда қызмет көрсету және кешенді жұмыс жүргізуді қалыптастыру, тіркеу және есепке алу бойынша сапалы және жылдам қызметтермен қамтамасыз ету, оқу жұмыстарына қатысты әртүрлі сұрақтарға кеңестер беру

  • Білім алушының оқитындығы жөнінде анықтамаларды алу өтініштерін қабылдау және беру (№4, 6, 8 қосымшаға сәйкес Мемлекеттік корпорацияға, Қорғаныс істері жөніндегі басқармаға берілетін анықтамалар);
  • Білім алушының шәкіртақы алатындығы немесе алмайтындығы жөнінде анықтамаларды алу өтініштерін қабылдау және беру (мерзімі ережеге сәйкес көрсетілуі тиіс);
  • Жеке бас құжаттарының өзгеруіне байланысты мәліметтер базасын өзгерту өтініштерін қабылдау және өзгергендігі жөнінде бұйрықпен таныстыру, хабардар ету;
  • Диплом көшірмесін алу жөнінде өтініштерді (электрондық негізде де қабылданады) қабылдау және оның көшірмесін беру (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі құжаттар көшірмесін беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет);
  • Транскрипт алу жөнінде өтініштерді қабылдау және беру (мерзімі ережеге сәйкес көрсетілуі тиіс);
  • Шетелде оқу конкурсына қатысу жөнінде өтініштерді қабылдау (шетелде оқу, сонымен қатар академиялық ұтқырлық негізінде де конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет);
  • Жатақханаға орналастыру жөнінде өтініштерді қабылдау (жоғары оқу орнының білім алушыларына жатақхана беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет);
  • Жатақханада тұратындығы және тұрғандығы жөнінде анықтамаларды алу өтініштерін қабылдау және беру;
  • Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша кеңестер беру;
  • Білім алушылардың әскерден қалдыру жөнінде анықтамаларды алу өтініштерін қабылдау және беру;
  • ҚР азаматтарын, сонымен қатар шетел азаматтығы бар білім алушыларды, тыңдаушыларды, қонақтарды (мемлекеттік шекарадан өту ережелеріне сәйкес) тұрақты және уақытша тіркеу, оқу визаларын (мерзімдеріне сәйкес) рәсімдеу жұмыстарын жүргізу.
  • «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Мемлекеттік корпорациясы өкілдерімен білім алушылардың кездесуін ұйымдастыру және өткізу;
  • Онлайн қызмет көрсетуді қалыптастыру (онлайн қызмет көрсетуді жүзеге асыру);
  • Орталық ұсынатын қызмет көрсетулер бойынша білім алушылармен кездесулер ұйымдастыру және өткізу;
  • Қызмет көрсету түрлерін жетілдіру бойынша білім алушылар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізу.