Л.О. Кенбаев
кафедра меңгерушісі

  • Шымкент қаласы А.Байтұрсынов көшесі 7А
  • +7 (7252) 55-14-54

«Профилактикалық медицина және стоматологиялық пәндер» кафедрасы

Шымкент қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқу-клиникалық базасының құрамынан 2009 жылдың қыркүйек айының бірінші жұлдызынан «Стоматологиялық пәндер» кафедрасы ашылды. Кафедраның меңгерушісі м.ғ.к. Искендиров М.А. болды.
2013 жылы «Гигиена, эпидемиология және дене тәрбиесі» кафедрасының жабылуына байланысты екі кафедра бірігіп
«Профилактикалық медицина және стоматологиялық пәндер» кафедрасы құрылды. 31.12.2014 жылға дейін кафедраны Б.К.Торгаутов меңгерді.
2015-2016 оқу жылының 1-ші қыркүйегінен бастап 2017-2018 оқу жылының соңына дейін Л.О. Кенбаева кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.
2018-2019 оқу жылының 1-ші қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін  Р.Г.Давыдов кафедра меңгерушісі қызметін атқаруда
Кафедрада дәрігер-интерндер болашақ мамандығына қажетті іргелі білім алады. Кафедрада ОПҚ ғылыми-педагогикалық деңгейін жетілдіруге бағытталған іс-шаралар жүргізіледі.

Білім беру сапасын жоғарылату мақсатында кафедраның ОПҚ жыл сайын өздерінің педагогикалық дағдыларын әртүрлі бағдарламаларға қатысу, дәріс алу арқылы жоғарылатып отырады. 2016 жылы 3 қызметкер магистратура тмсәмдады: Аргинова К.К., Давыдов Р.Г., Култаева А.К. қазіргі таңда Мухамбетов М.А. магистартурада оқиды. Сонымен қатар кафедраның барлық қызметкерлері келесі циклдар бойынша курстар оқып, сертификаттар алды: «Педагогика и психология высшей школы», «Эффективное преподавание в медицинском вузе, оценка и экспертиза в мед.вузе»

Тағы айта кетер болсақ, кафедра ОПҚ кәсіби дағдыларын жетілдіру бойынша білім алады.

«Профилактикалық медицина және стоматологиялық пәндер» кафедрасында дәрігер-интерндердің «Стоматолог» атты ғылыми қоғамы жұмыс істейді.

Мақсаты: интерндердің тұрақты, тиімді ғылыми-зерттеу жұмыс жасауын қамтамасыз ету, халықаралық стандарттарға сәйкес ғылыми зерттеулер қағидаларына үйрету.

Міндеттері:

1) интерндерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызықтыру, тарту;

2) білім, ғылыми және инновациялық үрдістерді біріктіре отырып, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру және дамыту, интерндердің кәсіби-шығармашылық дайындықтарын жақсарту, студент жастарды ғылыми жұмыстарғы қызықтыру түрлерін жетілдіру,

3) дәрігер-интерннің жекелей жан-жақты дамуына ықпал ету, шығармашылық және ғылыми ұжымдарда тәжірибе алып, жинақтау, ұйымдастырушылық және инновациялық жұмыстарға тарту;

4) заманауи медицинадағы өзекті мәселелерді шешуде интерндерге өздерінің қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беру;

Бұл бағдарламаның нәтижесінде дәрігер-интерндер өз елемезде және алыс, жақын шет елдердегі өткізілген әртүрлі ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, форумдарға қатысып жүлделі орындар алды. Мысалы:

— «Дәрігер-стоматолог ортопед» Халықаралық олимпиадасында (Алматы) — 2 орын;

— Студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық Пирогов ғылыми медициналық конференциясында (РФ) – 3 орын;

— Ататүрік-Алатоо университетінің 20-жылдығына арналған «Жаһандандыру дәуіріндегі халықаралық университеттердің орны, ролі және болашағы» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция – марапаттау.

Дәрігер-стоматолог кәсіби дайындаудың негізгі және маңызды міндеттері – болашақ дәрігердің белсенді өмір сүру қасиеттері, жоғары психологиялық-педагогикалық мәдениеттілік және кешенді ғылыми көзқарастарын қалыптастыру болып табылады.

Тәрбие жұмысының барлық жүйелері – білімді жинақтауды, тәжірибелік дағдыларды үйренуге, яғни болашақ маманның азаматтық және кәсіби тұрғыдан өсіп жетілуін қамтамасыз етеді. Бұл тәрбиелік жүйелердің негізінде келесі қағидалар бар:

  • Маманның жеке өзінің кәсіби, азаматтық, әдептілік және физикалық тұрғыдан дамуының жиынтығы;
  • Тәрбиелеу үрдісінің үздіксіздігі, бірізділігі және жалғасуы;
  • Әкімшілік, ғылыми-педагогикалық және студенттік ұжымдар іс-әрекеттерінің координациясы.

Осы бағдарламаның іске асуы үшін кафедрада жыл басында жоспарланған дәрігер-интерндердің белсенді қатысуымен өтетін кураторлық сағаттар өткізіледі.

Сонымен қатар өткенге құрмет ету және тарихымызды құрметтеу, патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатында жыл сайын кафедра қызметкерлері және интерндердің қатысуымен сенбілік ұйымдастырылады, «белгісіз солдат мазаратына» гүлдер қойылады.