Құрметті талапкер – 2019!

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Жалпы медицина», «Стоматология» мамандықтары бойынша оқуға  түсу үшін психометриялық тест тапсыру қажет!

«Мейірбике ісі», «Жалпы медицина», «Стоматология», «Педиатрия» жоғары білім беру бағдарламалары топтары бойынша оқуға түсу үшін  «Жоғары  білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2019 жылғы «14»  маусымдағы №269 бұйрығының 1-қосымшасы, Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына 2-қосымшасы негізінде екі емтихан тапсыру қажет:

  1. Ұлттық  Бірыңғай Тестілеу (ҰБТ)
  2. Психометриялық тестілеу түріндегі арнаулы емтихан.

Психометриялық емтихан тапсыру үшін өтініштерді қабылдау  —   20 маусымнан  07 шілдеге дейін ҰБТ нәтижелерінен кейін!

Емтиханды өткізу  08 шілдеден  13 шілдеге дейін.

Емтихан Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында компьютерлік тестілеу түрінде мына мекен –жайда өткізіледі: Түркістан қ., Б.Саттарханов №29.

Арнайы емтихан нәтижелері бойынша түсушіге ЖОО-на ұсыну үшін ведомостен көшірме беріледі.

Күнтізбелік  жылда психометриялық тестілеуден қайтадан өтуге рұқсат етілмейді.

«Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша ҰБТ нәтижелері бойынша түсушіге 65 баллдан кем емес балл алуы керек (ҰБТ макс. баллы -140). Осыдан Қазақстан тарихы бойынша -5 баллдан кем емес; математикалық сауаттылықтан -5 баллдан кем емес; оқу сауаттылығынан —  5 баллдан кем емес; әрбір бейінді пән бойынша (биология және химия) 5 баллдан кем емес.

 

Қаладан тыс тұратын талапкерлер үшін психометриялық тестілеуді тапсыру үшін өтініштер беру шарттары:

1 — ҚАДАМ. Өтінішті жүктеу және толтыру; (Өтініш үлгісін жүктеу үшін сілтемені басыңыз)

2 – ҚАДАМ. Қабылдау комиссиясының  электрондық адресіне жіберу maks_aiaru@mail.ru сканерленген толтырылған өтінішті  (ұялы құрылғы арқылы фотоға түсіруге болмайды), жеке басын куәлендіретін құжат және ҰБТ сертификаты. Тегі бойынша файлды атау.

3 — ҚАДАМ Университетке тестілеу күні өтініш түпнұсқасымен, жеке басын куәлендіретін құжатпен және ҰБТ сертификатымен келу.

Түркістан қаласында тұратын талапкерлер үшін психометриялық тестілеуді тапсыру үшін өтінішті беру шарттары: 

1 — ҚАДАМ. Түркістан қ. Б.Саттарханов д., №29 мекен-жайы бойынша  орналасқан университеттің қабылдау комиссиясына келу. Өзімен бірге өтініш түпнұсқасы, жеке басын куәлендіретін құжат  және ҰБТ сертификаты болу керек.

2 — ҚАДАМ. Психометриялық  тестілеуді тапсыру үшін өтінішті өз қолымен жазады.

Арнаулы емтихан психометриялық  тестілеуді өткізу кестесі http://ayu.edu.kz/shygarmashyluk-emtihan сілтеме бойынша университет сайтында жарияланған.

Байланыс телефондары: 8 72533 (63690).

Қабылдау комиссиясы №2 оқу ғимараты.