Рейтинг және бағалау

Рейтинг

БСҚА (білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттік) 2018 жылы жасаған рейтингке сәйкес, ХҚТУ білім беру бағдарламалары келесі орындарды иеленді:

1 – орын-5В050700-Менеджмент, 6М050700-Менеджмент, 5В011400-Тарих.

2-ші орын-5В050600-Экономика, 5В010900-Математика, 5В011200-Химия. 5В090200–Туризм.

3 – ші орын-5В060800-Экология.

2018 жылы «Атамекен» ҰКП  рейтингінің қорытындысы бойынша университеттің білім беру бағдарламасы  5В060800 – Экология 40 ЖОО білім беру бағдарламасы арасында 2-ші орынға ие болды.

2018 жылғы рейтингке сәйкес білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттік республиканың көпсалалы университеттері арасында 6-шы орынды алды.

2014 жылы «Эксперт РА» агенттігі университетті Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ең үздік жоғары оқу орындарының тізіміне қосты, оған «D» рейтингтік класы берілді.

Университет 2018 жылы Қазақстанның 96 жоғары оқу орны арасында Academic Ranking of World Universities-European Standard ARES-2018(ARES-2018) Жоғары оқу орындарының халықаралық рейтингісінде 11-ші орынға ие болды. Рейтингті Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік палатасы жүргізді.

ARES-2018 рейтингіне еуропалық жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету қауымдастығы мен Еуропалық жоғары білім беру сапасының регистрі қабылдаған және Еурокомиссия мақұлдаған университеттік білім берудің еуропалық стандартының жаңа ережелері енгізілген.

Сапа менеджменті

ХҚТУ 2018 жылы TSE Түрік стандарттау институты ISO 9001:2015 талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін сертификаттау процедурасын сәтті өтті.

Аккредиттеу

Университет Қазақстанның екі жетекші  аккредиттеу агенттігінде БСҚА (білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз агенттік), АРТА (аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі) институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өтті.  АРТА білім беру сапасының кепілдіктері жөніндегі агенттіктердің еуропалық тізіліміне (EQAR)енгізілді және Дүниежүзілік медициналық білім беру Федерациясы (WFME) мойындаған ТМД елдерінің бірінші және жалғыз ұйымы болып табылады.