Республикалық «ЯСАУИ» олимпиадасының ЕРЕЖЕСІ

Республикалық «Ясауи» олимпиадасы мектеп бітіруші 11 және 12 сынып оқушыларының арасында өткізіледі. Олимпиаданың басты мақсаты оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін айқындау, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыра отырып дарынды оқушыларды қолдау.

Республикалық «Ясауи» олимпиадасы оқушылардың таңдауы бойынша екі бағытта өтеді:

Бірінші: Пәндік олимпиада  (математика, физика, химия, информатика,  география, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, биология, шет тілі, қазақ тілі, орыс тілі,  қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті);

Екінші: Ғылыми жобалар байқауы (математика, физика, химия, информатика,  география, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, биология, шет тілі, қазақ тілі, орыс тілі,  қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті).