Шетелдің алдыңғы қатарлы ЖОО-ның ОПҚ-лары Ахмет Ясауи университетінде

«Ахмет Ясауи университетінде оқытушылардың сабақтар мен семинарларды тікелей өздері жəне əр түрлі аудио жəне визуалды материалдарды пайдалана отырып интерактивті түрде жүргізулері маған өте ұнады. Сондай-ақ, оқытушылар мен студенттердің арасындағы əріптестік қарым-қатынастарға да таң қалдым. Университетте студенттердің қызығушылықтарына қарай фотосурет, спорт түрлері, ғылыми бағыттар мен музыка, БАҚ, кино, театр өнері жəне т.б жүздеген бағытта жұмыс жүргізетін үйірмелер жұмыс атқарады екен. Əрине, бұл үйірмелердің барлығы əуесқойлық деңгейде, дегенмен, студенттердің өздерінің армандаған мақсаттарына жетулеріне, қабілеттерін ашуларына жəне белсенді дамытуға берер көмегі мол». Юсуф КАЛЯНГО, АҚШ, Огайо университетінің проофессоры.Picture

Ахмет Ясауи университетінде «Visiting professor» бағдарламасы аясында алған əсерім туралы бөлісейін деп отырмын. Accounting and Financial Management бойынша семинар сабақтар өткіздім. Бір апталық мерзімге ғана келуіме қарамастан оқу үрдісіне бірден үйреніп кеттім. Университетте кез-келген уақытта кеңес алуға мүмкіндіктер бар. Сонымен қатар, шетелдік студенттердің оқу үрдісіне үйреніп, икемделуіне бағытталған арнайы курстар, бағдарламалар ұйымдастырылған. Семинар, сабақ өтуден тыс аз уақыттың ішінде көптеген достар арттырдым. Жалпы айтқанда университетте көптеген іс-шаралар өткізіліп жатады, үйірмелер де мейлінше мол.

 

Дабабрата Чаудхури Нараян, Англия, Саффолк университетінің профессоры
Picture
Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұсынып отырған мүмкіншіліктері өте көп. Мұның ішінде əлемнің 70-тен астам жоғары оқу орындарымен студенттік ұтқырлықты жүзеге асыра білуі, шет мемлекеттерден оқытушы- профессорлардың келуі, білім алудың жоғары стандарттары мен студенттермен қарым-қатынас орнатуы маған өте қатты ұнады. Біліктілігі жоғары оқытушылар, материалдық-техникалық жабдықталу, барлық жобалар туралы дер кезінде мəлімет алу студенттерге жасалып отырған мүмкіндіктер. Сол мүмкіндіктерді ұтымды пайдалана білу қажет. Белл ХЕРМАН, Англия, Оксфорд университетінің профессоры
Picture