2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫНА ТАЛАПКЕРЛЕРДІ БІЛІМ АЛУҒА ШАҚЫРАДЫ
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 2018-2019 оқу жылына талапкерлерді білім алуға шақырады. Ахмет Ясауи университетінің қабылдау комиссиясы 54 бакалавриат мамандықтары бойынша шілде айының 18-26 күндері аралығында мемлекеттік білім гарантына, тамыз айының 5-15 күндері аралығында 500 Түркия грантына, 5-25 тамыз аралығында ақылы негізде білім алатын талапкерлерден құжат қабылдайды. 2018-2019 оқу жылына ақылы негізде білім алатын талапкерлер үшін оқу төлемақысы төмендетілді. Ахмет Ясауи университетінің бакалавриат мамандықтары бойынша ақпаратты ayu.edu.kz сайтының «Талапкерге» бөлімінен толық аласыздар.
Ахмет Ясауи университеті 30 магистратура, 5 резидентура және 11 докторантура мамандықтары бойынша 03-31 шілде аралығында құжаттар қабылдайды. Шет тілінен емтихан 10-15 тамыз, мамандық емтханы 16-20 тамыз аралығында өтеді. Ахмет Ясауи университетінің магистратура, резидентура және докторантура бағдарламалары бойынша мәліметті университетіміздің ayu.edu.kz сайтының «Талапкерге» бөлімінің «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру» бөлімшесінен толық аласыздар.
Қабылдау комиссиясының мекен-жайлары:
- Түркістан қаласы, Б. Саттарханов даңғылы 29. №2о қу ғимараты
- Шымкент қаласы А. Байтұрсынов 7/7.
Байланыс телефоны: 8(725-33) 6-36-90
Email- edil.tulegenov@ayu.edu.kz, akadil.alaidarov@ayu.edu.kz