Ғылым
Университеттің ғылым бөлімі бөлімдер мен кафедралардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруды үйлестіріп, ғылыми-зерттеу мәліметтерімен қамтамасыз етеді.

Ғылыми және инновация департаментіне қарасты бұл 2011 жылы құрылған. Негізгі қызметі – университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау, үйлестіру; ОПҚ мен ғылыми қызметкерлердің жылдық жұмыс жоспарындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын қадағалау, реттеу; оқу орнының ғылым саласындағы саясатын іске асыру; ғылыми жұмыстарды жоспарлауды, үйлестіруді және орындалу сапасын бақылау, оқу орнында өтетін ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру; ОПҚ мен ғылыми қызметкердердің біліктілігін арттыру бағытындағы семинарларды ұйымдастыру, қазметтік ақпараттардың құпиялығын қамтамасыз ету; ОПҚ мен ғылыми қызметкерлерді халықаралық және республикалық конференциялар мен конкурстардан хабардар ету.

Институттың ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары: «Табиғи минералдар мен техногенді қалдықтарды өңдеу негізінде ресурстарды үнемдеу және тиімді пайдалануға бағытталған биотехнологиялық және басқа да әдістер мен табиғатты қорғау шараларын жасау».

Ннститут Ахмет Ясауи университеті Сенатының №4 шешімімен (23.06.2000) және №1/661 бұйрығымен (18.12.2000) ашылған. Институттың ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты – түркология саласындағы өзекті мәселелерді кешенді түрде зерттеу.

Археология ғылыми-зерттеу орталығының негізгі мақсаты: Еуразия даласында қалыптасып, әлемдік өркениеттің дамуына сүбелі үлес қосқан Түркі өркениетінің мыңдаған жылдық тарихы бар. Түркі өркениетінің шығу тегін, қалыптасқан уақытын, даму кезендерін анықтап, тұркі халықтарының біртұтас тарихы болғандығын ашып көрсету болып отыр.

Жаратылыстану ғылыми-зерттеу институты Ахмет Ясауи университетінің Өкілетті Кеңесінің №48 шешімімен (24.06.2014) ашылған. Институттың ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары – жаратылыстану ғылымдарының іргелі және қолданбалы мәселелері бойынша инновациялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.

Институттың ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты — қазіргі медицина саласындағы өзекті мәселелерді кешенді түрде зерттеу.

Институттың ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты — халықаралық ғылым саласындағы өзекті мәселелерді кешенді түрде зерттеу.