Беркимбаев Камалбек Мейрбекулы
Комитет төрағасы

ҒЫЛЫМИ КОМИТЕТ

  • Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ғылыми комитеті университеттің ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық саясатын жүзеге асыру және қалыптастыру аясындағы жоғары сараптамалық кеңес болып табылады.
  • Ғылыми комитеттің төрағасы университеттің Ғылыми-зерттеу істері жөніндегі вице-президенті, орынбасары Түркия тарапынан вице-президент болып табылады. Ғылыми комитеттің ұйымдастыру жұмыстарын Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі атқарады.
  • Ғылыми комитеттің негізгі мақсаты – ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық зерттеу саясатын жүзеге асыру механизмдерін, яғни зерттеу бағыттары мен тақырыптарының өзектілігін, заман талаптарын қанағаттандыруын координациялау болып табылады.
  • Ғылыми комитеттің негізгі міндеті – білімнің және қызметтің барлық деңгейлеріндегі ғылыми ізденістердің инновациялық бағытта болуын қамтамасыз ету мақсатында ғылыми сараптамалық тыңдаулар, мәжілістер, семинарлар өткізу, шешім қабылдау, ұсыныс еңгізу.

КЕҢЕС ХАТШЫСЫ