Студенттердің білімін бақылау мен бағалау кешені ағымдағы, шептік, қорытынды және қорытынды мемлекеттік аттестаттауды құрайды.
Бақылаудың барлық формалары бойынша бағалар әрбір пән бойынша бөлек, білімді бағалаудың көп баллдық әріптік жүйесінің 100% шкаласы бойынша пайызбен қойылады.
Бағалау өлшемдері:
«А», «А–» («өте жақсы») – егер Сіз бүкіл бағдарламадағы материалды терең және мықты меңгерсеңіз, тапсырманың түрін өзгерткен кезде жауап беруге қиналмай, материалды толық, сабақтастықпен, сауатты және логикамен баяндасаңыз, алдыға қойған міндеттерді еркін жүзеге асыра алсаңыз, монографиялық материал білімін көрсетсеңіз, қабылдаған шешімді дұрыс негіздей білсеңіз, жұмыстарды тәжірибеде орындаудың жан-жақты дағдылары мен тәсілдерін меңгерген болсаңыз, материалды қателік жібермей, өздігіңізден айта алып, қорытынды жасай алсаңыз;
«В+», «В», «В–» («жақсы») – егер Сіз бағдарламалық материалды нақты білсеңіз, оны сауатты түрде және негізгі мәнін айтып бере алсаңыз, сұраққа жауап беру кезінде түбегейлі дәлсіздікке жол бермесеңіз, теориялық ережелерді дұрыс қолдана білсеңіз және тәжірибелік тапсырмаларды орындау кезінде қажетті дағдыларға ие болсаңыз;
«С+», «С», «С–», «D+», «D» («қанағаттанарлық») – егер Сіз негізгі материалды ғана меңгерсеңіз, дәлсіздіктерге жол берсеңіз, тұжырымдарыңызды жеткілікті түрде дұрыс айтып бере алмасаңыз, бағдарламалық материалды баяндау дәйектілігін бұзсаңыз және тәжірибелік тапсырмаларды орындау кезінде қиналсаңыз;
«F» («қанағаттанарлықсыз») – егер Сіз бағдарламалық материалдың маңызды бөлігін білмесеңіз, түбегейлі қателіктер жіберсеңіз, тәжірибелік жұмыстарды үлкен қиындықпен орындасаңыз.

Білімді бағалаудың көп балды әріптік жүйесі

Әріптік жүйе бойынша бағалау Баллдардың цифр­лық эквиваленті Пайыз Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
А 4,0 95-100 Өте жақсы
А – 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 Жақсы
В 3,0 80-84
В– 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
С 2,0 65-69
С– 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0 0-49 Қанағаттанарлықсыз

Шағым беру рәсімі Сіздің жауабыңызды қайта рецензиялауды болжайды. Шағымдану нәтижесінде баға жоғарылатылуы, сол сияқты төмендетілуі немесе өзгеріссіз қалдырылуы мүмкін.
Студенттердің қорытынды бақылау нәтижелері бойынша шағым-өтініштері емтихан нәтижелері жарияланғаннан кейін бір күн ішінде тіркеу бөлімінде қабылданады