Жазбаша емтихан сұрақтарын дайындауда қойылатын талаптар

1.1 Пән бойынша емтихан сұрақтарының жалпы саны пәннің кредит санына байланысты болуы  тиіс. Кредитке жалпы сұрақ саны 45, 3-4 кредитке 60 сұрақ, 5-6 кредит 75 сұрақ.
1.2 Блум таксономиясына негізделген бағалау бойынша деңгейлеп сұрақтарды дайындау бакалавр  — есте сақтау, түсіну, қолдану деңгейінде, магистратура – қолдану, талдау, бағалау деңгейінде, PhDдокторантура – талдау, бағалау, құру.
1.3 Емтихан билетінің сұрақтары білім алушының оған жауап берер кезде осы уақытқа дейін оқыған білімін қорытындылап, сұраққа жауап бере алатындай құрастырылуы тиіс.
1.4 Сұрақтар оқу барысының маңызды күтілетін нәтижелерінің шектеулі санын анықтауға бағытталуы тиіс.
1.5 Емтихан сұрақтарын құрастыру кезінде мынадай жағдайларды ескеру керек: сенімділік (білім алушының сұрақтарға жауап беруі оқу нәтижелерінің деңгейін бағалауды қалыптастыруға мүмкіндік береді) және нақтылық (валидтілік) (білім алушының сұраққа жауап беруі бағалау мүмкіндігіне сәйкес сол нәтижені қорытындылауға мүмкіндік береді).
1.6 Әрбір емтихан билетіндегі сұрақтар теориялық білімнің деңгейі мен жүйелігін, оны қолданып, сыни бағалау және қорытындылай алатындығын («теориялық»), сонымен қатар алған білімдерін тәжірибелік тапсырмаларды («тәжірибелік») шешу жолында дұрыс қолдануы сияқты жағдайларды ескеру қажет.
1.7 Теориялық және тәжірибелік сұрақтардың күрделілік деңгейі құзіреттердің қалыптасуына және оқытудың деңгейіне байланысты құрастырылуы тиіс.

 Тест (Quiz Maker) емтихан сұрақтарын дайындауда қойылатын талаптар

2.1. Тест сұрақтарының жалпы саны 300 + 150 перефразировка  = 450 сұрақ болуы тиіс. Емтихан сұрақтарын құрастырудың ұсыныстары: — емтихан сұрақтары білім алушыны бір жағынан шатастыратындай, ал басқа жағынан соншалықты қарапайым, яғни дұрыс жауабын бірден таба алатындай болмауы тиіс; — емтихан сұрақтарын құрастыру кезінде қойылып отырған сұрақ қандай білім деңгейін көрсететінін ескерген жөн және білім алушы сұраққа жауап беру үшін белгілі ақпаратты тек еске түсірмей ғана, оны талдап жауап беретіндей сұрақтар жасау керек. — магистратура және докторантура білім алушылары үшін емтихан сұрақтары жоғары деңгейдегі білім мен дағдыларын; пәнаралық және салааралық байланыстарды орнату қабілеттілігін; жеткіліксіз немесе жаңа ақпарат жағдайында шешім таба білу қабілетін; қолданыстағы білім мен әдістерді сыни бағалау қабілетін; сондай-ақ белгілі бір пән саласындағы мәселені және перспективті бағыттарды анықтау қабілетін бағалау бағытында құрастырылуы керек.
2.2 Емтихан сұрақтары білім беру нәтижелерін бағалауға бағытталуы тиіс.
2.3 Пәндер бойынша тест тапсырмалары жұмыс оқу бағдарламаларына сәйкес оқу бағдараламасының негізгі ұғымдарын, тақырыптарын, тарауларын меңгеру деңгейін анықтау мақсатында құрастырылуы тиіс.
2.4 Пәннің әрбір тақырыбы бойынша сұрақтардың пайыздық қатынасы жұмыс бағдарламасында жоспарланған сағат санына сәйкесінше болуы тиіс.
2.5 Тест тапсырмалары нақты, анық, қысқа құрастырылуы қажет. Тестілеу тіліне сәйкесінше қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі нақты терминдер қолданылуына мән беру керек.
2.6 Тест тапсырмалары қайталанбауы тиіс.
2.7 Жауаптың барлық нұсқалары тапсырманың негізгі бӛлігімен грамматикалық үйлесімділікте болуы қажет.
2.8 Тест құрастыруда тапсырманы орындауға берілетін уақыт 1 минуттан аспауы тиістігін ескеру керек.
2.9 Тест тапсырмасын құрастырушы оның сапасына: мазмұнына, сауаттылығына, дұрыс жауаптың қате болмауына толықтай жауапты. Құрастырушы тест тапсырмасы сапасының дұрыстығын тесті тапсыру кезінде тіркеу журналына қол қоюмен растайды.
2.10 Тест тапсырмалары факультеттің ОӘК отырысында қарастырылып бекітілгеннен кейін (хаттама № және күні көрсетілген), Өлшеу және бағалау бөліміне электронды түрде жеткізуі тиіс.
2.11 Тест тапсырмаларын студенттерге жауаптарымен беруге тиым салынады.
2.12 Тест тапсырмаларының құпиясын сақтау жауапкершілігі профессор-оқытушылар құрамына, Өлшеу және бағалау  бөлімінің қызметкелеріне жүктеледі.
2.13 ОЖСБ пәндер үшін 300 сұрақ ҚР Білім және Ғылым Министрлігінен келетін нұсқау бойынша дайындалу қажет.