Жазғы семестрдің өткізілу тәртібі

Жазғы семестр кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесінің бір бөлігін, яғни білім алушылардың қосымша оқытудағы қажеттілігін қанағаттандыру және академиялық қарыздарын немесе оқу жоспарларындағы айырмаларын (қайта қабылдау, ауыстыру және де рейтинг-балдың жетіспеушілігінен сессияға жіберілмей қалған жағдайда) жою үшін ақылы негізде ұйымдастырылады.
Жазғы семестрде оқуға келесі үміткерлер құқылы:

  • «жоғары бағаға» қайта тапсыруға үміткерлер (қосымша білім алуға);
  • өткен академиялық кезеңдегі академиялық қарыздарын жоюға үміткер студенттер;
  • қайта қабылдау, ауысу кезіндегі академиялық айырмалары бар студенттер;
  • аралық бақылаудың қорытындысы бойынша сессияға жіберілмеген студенттер.

Жазғы семестр мамандықтары мен курстарына байланысты оқу процесіндегі академиялық күнтізбе бойынша анықталады және ұзақтығы 6 аптаға дейін созылады.

Жазғы семестрдің басталуы оқу процесінің үдерісіне байланысты жыл сайын академиялық күнтізбе арқылы белгіленеді.
Сессия бойынша академиялық қарыздары бар студенттер кафедраның келісімі бойынша басқа элективтік курстарды таңдауға құқылы.
Білім алушы жазғы емтихандық сессия аяқталғаннан кейін 10 күн аралығында факультетке үлгі бойынша жазғы семестрге қатысу туралы өтінішін және қосымша төлем түбіртегін тапсырады.

  • Тіркеуші офисі студенттердің жазғы семестрге тіркелу өтініштерін электронды түрде тіркеу журналына тіркейді, ол қағаз күйінде сақталады;
  • Пәндерге тіркелу біткеннен кейін тіркеуші офисі топтарды бөледі;
  • Тіркеуші офисі кафедра меңгерушілерімен бірге білім алушылардың ұсынған өтініштеріне сәйкес оқытушылар құрамын анықтайды;

Жазғы семестр кезінде курстан-курсқа көшу  балын жинай алмаған студенттер келесі курсқа көшірілмейді.