Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында студенттің үлгерім көрсеткішін көрсететін GPA (Grade Point Average) – таңдап алған мамандық бойынша студенттің оқудағы жетістік деңгейінің орташа бағасы болып табылады, ол студентті келесі курсқа көшіру үшін қолданылады.
*Жыл сайын курстан курсқа көшіру балының деңгейі Сенаттың (Ғылыми Кеңестің) шешуімен қайта қарастырылуы мүмкін.
Егер Сіз күндізгі бөлімде курстан курсқа көшу балын жинай алмасаңыз, бірақ қашықтықтан оқыту бөлімінің жеткілікті балын жинаған болсаңыз, пәндер бойынша академиялық қарыздарыңыз болмаса, Сіз оқу түрін өзгертуіңізге, яғни күндізгі бөлімнен келесі курсқа ауысуыңызға болады.
Мысал. 3-ші курс студенті сессия қорытындылары бойынша келесі нәтижелерге ие болды:

Пәндер Баға Балл Кредиттер
Математика А- 3,67 3
Информатика В- 2,67 3
Философия С+ 2,33 3
Қазақ тілі D+ 1,33 3
Педагогика, психология және өзіндік таным негіздері В+ 3,33 3