ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ

Университеттің жоғары басқару органы Үкіметаралық Өкілетті Кеңес (Анкара қаласы, Түркия Республикасы), Үкіметаралық келісім ратификацияланған ҚР Заңымен 9 қаңтар 2012 жылғы № 531-ІV негізінде құрылған. №12.1-24.06.2014 жылғы » ХҚТУда оқу процесін ұйымдастыру регламенті »  қаулысының 7-бабына сәйкес,  Кеңестің 48-ші отырысында бекітілген,  университетте оқытудың келесі түрлері бар: күндізгі, сырттай және қашықтықтан оқытылады.
Кеңестің шешімімен 2001 жылдан бастап университет құрамындағы Анкара қаласында орналасқан ТүрТЕП– қашықтықтан оқыту орталығы жұмыс істейді. Білім беру бағдарламасының 3 деңгейін іске асыруда: колледж — бакалавриат – магистратура түрік тілінде.
ТүрТЕПтің ашылуы, Түрік Республикасында қашықтықтан білім беру жоғары білім беру саласында жан-жақты  жаппай дамуы болды. Бүгінде ТурТЕП – онлайн білім аймағында тәжірибелі көшбасшы.
ТүрТЕП 15-жылдық тәжірибесі бар халықаралық қашықтықтан оқыту жүйесі екендігін ескере отырып, 2016 жылы қаңтарда Өкілетті Кеңестің қаржыландырылуымен қашықтықтан білім беру ҚазТЕП институты ашылды. Бүгінгі таңда ҚазТЕП 5 білім беру бағдарламалары бойынша магистрлерді дайындаумен айналысады.