«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК» МЕКТЕБІ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқу-әдістемелік бөлімнің жанында «Педагогикалық шеберлік» мектебі жұмыс істейді. Мақсаты — білім беру мазмұнын жетілдіру. Педагогикалық қауымдастық алдына келесі маңызды міндеттер қойылған:

  • білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын қарастыру;
  • педагогтардың оқытуға қатысты дидактикалық өзекті мәселелерді шешу;
  • мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, мемлекетаралық бақылау, ұлттық бірыңғай тестілеу талаптарын орындау;
  • қоғамның талаптарын оң шешу үшін жалпы оқу-тәрбие жұмыстарын мақсатты, жүйелі, мазмұнды жүзеге асыру.

«Педагогикалық шеберлік» мектебі студенттерді оқыту сапасын оқытушылардың шеберлігін көтеру арқылы қалыптастыруды, инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына көтеруді, өркениетті елдермен бірге адамзаттың дамуының алдыңғы шебінде болу үшін сапалы білім беруді жүзеге асырады. Білім берудің сапасын арттыру мақсатында оқытушылардың дәрежесін көтерумен қатар, кәсіби бағдар беру мектебінің жұмыстарын жандандыруды, ұлағатты ұстаздар мен пән оқытушыларының арасында өзара байланыстарды ұйымдастыруды, ғылыми орталықтармен (аудандық, қалалық, облыстық білім беру мекемелерімен) байланыс жасау арқылы университет ғалымдарымен кездесу ұйымдастыруды көздейді. Кафедралардың әдістемелік жұмыстарымен, жоспарларымен, ұйымдастырған семинар, конференцияларымен танысып, нұсқаулар береді, профессор-оқытушылардың сабақ өткізу сапасын анықтап, оны жақсарту мақсатында іс-шаралар ұйымдастырады, жас мамандарға педагогикалық  шеберлікті меңгеруде көмек көрсетеді,    жетекші оқытушылардың іс-тәжірібесін таратады. Студенттердің білім сапасын  көтеру  мақсатында оқытушылардың жаңа технологиялар мен әдістерді қолдануын талап ете отырып, деңгейлеп оқыту, дамыта оқыту, модульдық, проблемалық оқыту технологияларын дәріс беру барысында қолдануға үйретеді.