ЖЕҢІЛДІК КОМИССИЯСЫ

ХҚТУ студенттері мен қызметкерлерін әлеуметтік қорғау мәселесі үнемі университет басшыларының тікелей қадағалауында болады.  «Университетке ақылы негізінде қабылданған студенттерге оқу төлемақысына берілетін жеңілдіктер туралы ережесіне» сәйкес ақылы бөлімде оқып жүрген студенттер үшін жеңілдік комиссияның шешімімен төменде көрсетілген қаржылық қолдау түрлері қаралыстырған:

  • Оқу үздіктеріне 25%-ға дейін жеңілдік;
  • Ата-анасынан айырылған тұл жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім алушыларға 25%-ға дейін жеңілдік;
  • Әлеуметтік жағдайы төмен  алушыларға 25%-ға дейін жеңілдік;
  • Ата-анасының біреуі, университеттегі еңбек өтілі 3 жылдан кем емес 25%-ға дейін жеңілдік;
  • ХҚТУ қызметкері немесе жұмысшысы болған білім алушыға 25%-ға дейін жеңілдік;
  • Олимпиадалық ойындарда, Әлем, Азия және Республика біріншіліктерінде жүлдегер атанған Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командасының мүшесі болған студентке 100%-ға дейін жеңілдік.

Жеңілдік комиссиясының құрамы