ТҮЛЕКТЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ

Қауымдастықтың мақсаты – университет пен университет түлектері арасындағы қарым-қатынасты нығайту, үздіксіз білім беру бағдарламасын дамту, онлайн қызметін, унивеситет түлектері үшін арнайы мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып тұру, түлектердің басын қосып, оларға жеке және кәсіби түрде өсуге, карьералық жетістіктерге жетуге ықпал ету және университеттің стратегиялық дамуына көмек көрсету.
Қауымдастық жұмысының бағыты:
Түрлі іс-шараларды ұйымдастыру (наурыз, университет түлектерінің диплом алу салтанатты кеші, түлектер күні т.б.);
Түлектер мерейтойлық кездесулері (10-, 20-, 30-, 40-, 50- жылдығы);
Түрлі тақырыптық кездесулер.
Ақпараттық және баспаханалық қызметі:
Естелік жинақтары және түлектер каталогын шығарып тұру.
Тақырыптық анықтамалар;
Қауымдастықтың ақпараттық порталын құру;
Түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету.
Қауымдастықтың белгісі салынған сыйкәде өнімдерін дайындау
Университеттегі әлеуметтік-мәдени шараларын қолдау (музыка, би, т.б.)
Университтегі спорттық шараларды дамытуға үлес қосу
Университтеттегі ғылыми–зерттеу жұмысын қолдау (студенттер, магистранттар, докторанттар).
Қауымдастық құрылымы
Жарғыға сәйкес, Қауымдастықтың жетекшілігін түлектер жиналысында қарап, жүзеге асырады. Жарғы қабылданып, күшіне енгенше Қауымдастықты арнайы Басқарма басқарады.
Қауымдастық басқармасы:
Қауымдастық Президенті
Қауымдастықтың атқарушы директоры
Қауымдастықтың хатшысы