Кешегі түлек, бүгінгі маманға Мемлекет «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі» және «Жастардың кадрлық резерві» бағдарламаларын ұсынады

«ДИПЛОММЕН — АУЫЛҒА» БАҒДАРЛАМАСЫ

ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ — “Ауылдың қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету және ауылдық аумақтың әлеуетінің өсуін қамтамасыз ету”
ЖОБАНЫҢ МІНДЕТІ — “Ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік саланың сапалы қызметін көрсету, өңірлік бәсекеге қабілетті, артықшылықты пайдалану негізінде ауыл аумақтарын тұрақты дамыту”
ТІКЕЛЕЙ НӘТИЖЕЛЕР — “Ауылдық елді мекенге жұмыс істеу және тұру үшін келген әлеуметтік  сала  мамандарын  ынталандыру”

 «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы

Оқу орнын аяқтағаннан кейін жұмыс тәжірибесіне ие болу үшін мемлекет алтыайлық жастар тәжірибесін өтуді көздейді. Диплом алған түлек (29 жасқа дейін) өз қаласының (аудан) әкімдігіндегі жұмыспен қамту орталығына барады. Жұмыспен қамту орталығы аталмыш мамандардың  бірыңғай базасын қалыптастырады және жұмыс беруші компаниялардың арасындағы дипломдық бағыт бойынша бағдарламалардың қатысушыларын бөледі. Жұмыспен қамту орталығы түлектермен алты айға еңбек шартын жасайды. Жұмыс күні ҚР еңбек заңнамасы бойынша еңбек шарттарына сәйкес анықталады. Жастар тәжірибесіне бағытталған бағдарламаларға қатысушылардың ай сайынғы төлемі 17,айлық есептік көрсеткіштерді (31 854 теңге) (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмағае еңбек демалысы үшін өтемақылар және банк қызметтерін шегерусіз) құрайды. Егер жұмыс беруші тәжірибе кезінде сізді өз компаниясы үшін сай келеді деп таныса – ол сізді тұрақты жұмысқа қабылдауға құқылы. Жас маман үшін бұл нұсқа неғұрлым қолданылымды, осыған қарамастан тәжірибеде өзіңді және өзіңнің кәсіби дағдыларыңды көрсету қажет екендігін естен шығармаңыз. Бағдарлама алынған мамандық бойынша түлектердің бастапқы жұмыс тәжірибесін арнайы алуына арналған.

«Жастар кадрлық резерві» бағдарламасы

 ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Нұр Отан» ХДП қолдауымен жас талантты, белсенді қазақстандықтар қатарынан елдің басқарушы кадрларын анықтау, іріктеу, дайындау және тәрбиелеуге бағытталған «Жастар кадрлық резерві» жобасы іске асырылды. Жас мамандар қатарынан елдің басқару кадрларын анықтау, іріктеу, дайындау және тәрбиелеу және үш бағыттар бойынша әлеуметтік-маңызды қызмет қосылған.

  1. Мемлекеттік қызмет .
  2. Бизнес-қауымдастық.
  3. Қоғамдық саяси қызмет.