ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Университет шет елдегі 184 жоғары оқу орнымен, сондай-ақ, «Erasmus+» бағдарламасы бойынша 7 шетел университеттерімен ынтымақтастық келісім-шартына отырған. Оқу орнымыз Халықаралық университеттер қауымдастығы мен халықаралық университеттер президенттерінің қауымдастығына мүше.
«Мәулана» академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде Түркия Республикасының алдыңғы қатарлы университеттерімен (Хаджеттепе, Гази, Эрджиес, т.б.) екіжақты 140 келісім-шарт жасалып, сол келісім негізінде студенттер 1 академиялық кезеңде түрік және ағылшын тілдерінде білім алуда.
Ұлыбританиядағы және АҚШ-тағы Оксфорд Екзетер, Кэмбридж, Брунель, Небраска Линкольн, Огайо, Кампус Саффолк университеттерінен, Норвегия, Испания, Түркия және Ресейдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарынан 2 апталық дәріс оқу үшін «Визитинг-профессор» бағдарламасы бойынша жыл сайын танымал профессорлар шақырылады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ БҰЙРЫҒЫ НЕГІЗІНДЕ ШЕТЕЛДЕ БІЛІМ АЛУҒА АРНАЛҒАН ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
Үміткерлерге қойылатын талаптар
- ҚР азаматы болу;
- Жоғары академиялық көрсеткіштерге ие болу (орташа балл 2,75-тен жоғары болуы шарт);
- Шет тілінде еркін сөйлеу, сертификатпен растау (бар болған жағдайда);
- Факультетте конкурстық іріктеуден өту.
Білім алушылардың шетелге іс-сапарға шығу үшін қажетті құжаттар
- Форма бойынша ректордың атына өтініш үлгісі
- Ұсыныс хат (декан)
- Жеке оқу жоспары
- Оқу транскрипті
- Негізгі оқу жоспары
- Шетелге шығу үшін белгіленген үлгідегі медициналық анықтама (№082 форма)
- Шетелдік ЖОО-ның ресми шақыруының көшірмесі
- Екі жақты келісімшарт
- Хаттама
- Кафедрадан хаттама
Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде жасалынған келісім-шарттар мен меморандумдар тізімі…
- Ректорат - кабинет №418
- +7 (72533) 6-37-71 (12-50)
- furkat.dadazhanov
- iro@ayu.edu.kz