БОЛАШАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯСЫ

«Болашақ» халықаралық стипендиясы бағдарламасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1993 жылы 5 қарашадағы № 1394 қаулысымен жүзеге асты. Бағдарламаның құрылуына уақыт талабы ықпал етті. Мемлекетіміз тәуелсіздігін енді алып, экономикада еркін нарықтық қатынастар жолына, демократия және әлемдік қоғамдастыққа толық ену жолына шықты, бұл өмірге көптеген реформаларды әкелуді талап етті. Кез келген реформаны өткізу өздеріне берілген міндеттерді орындауға қабілетті білікті кадрлардың болуын талап етеді.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 3 наурыздағы № 3375 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау тәртібі туралы ереже әзірленді. Ереже құжаттарды қабылдау және үміткерлерді іріктеу рәсімін қарастырды, сондай-ақ стипендиаттарды Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жұмысқа орналастыруды көздеді.
Мемлекет басшысының «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының санын арттыру бойынша бастамасын жүзеге асыру міндеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі қаулысымен осы мақсатта бекітілген «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамына тапсырылды.

«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері кім бола алады?

Бағдарлама қатысушысы Қазақстан Республикасының кез келген азаматы бола алады, оның мақсаты мыналар:

  • магистр дәрежесін, доктор, ғылым кандидаты дәрежелерін алу;
  • ғылыми тағылымдамадан өту.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында ҚР азаматтары мына бағдарламалар бойынша оқуға түсе алады: магистратура, резидентура, докторантура. Тағылымдамадан өту де қарастырылған.

Аталған білім бағдарламаларына түсу арқылы:

  • мемлекеттік қызметкерлер магистр дәрежесін алуға;
  • ғылыми немесе педагогикалық қызметкерлер магистр дәрежесін алуға;
  • қазақстандық ЖОО түлектері магистр дәрежесін алуға;
  • мәдениет және шығармашылық қызметкерлері магистр дәрежесін алуға;
  • бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері магистр дәрежесін алуға;

Магистратураға, резидентураға, докторантураға өз бетімен түскендер тағлымдамадан өте алады.

Толығырақ мәлімет: https://bolashak.gov.kz