ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ БҰЙРЫҒЫ НЕГІЗІНДЕ ШЕТЕЛДЕ БІЛІМ АЛУҒА АРНАЛҒАН ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

ЖОО-да білім алатын білімгерлердің академиялық ұтқырлығы тұжырымдамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Болон декларациясына қосылу мәртебесіне ие болған және еуропалық білім кеңістігіне толық енген Орталық Азиядағы бірінші мемлекет болып табылады. Қазақстанның Болон үдерісіне қосылуы Қазақстан ЖОО-лары мен студенттеріне жаңа межедегі мүмкіндіктер береді:
1) еуропалық стандарттарға сәйкестендірілген отандық білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларын енгізуге;
2) отандық квалификациялық және академиялық дәрежені тануға;
3) оқытушылар мен студенттердің академиялық ұтқырлығын қамтамасыз етуге;
4) Қазақстан ЖОО-лары студенттеріне шетел университеттерінде кредиттерді қайта тапсыруға және керісінше;
5) бірлескен білім беру бағдарламаларын таратуға;
6) жоғары білім жөніндегі қазақстандық дипломдардың еуропалық аймақтарда жарамдылығын қамтамасыз етуге жағдай жасауға және кез-келген елде түлектердің жұмысқа орналасуына.
Әлемдік білім беру кеңістігінде жүзеге асырылып жатқан шаралардың негізгі мақсаты – Қазақстан жоғары білімінің халықаралық стандарттармен сәйкестілігін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» сәйкес жоғары оқу орындарының академиялық еркіндік шегі ұлғайтылды.
Жүзеге асу мерзімі: 2011-2020 жылдар аралығы.
Күтілетін нәтиже: 2020 жылға дейін академиялық ұтқырлықты дамыту мақсатында Болон үдерісі аумағында міндетті деп ұсынылған көрсеткіштер орындалатын болады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ БҰЙРЫҒЫ НЕГІЗІНДЕ ШЕТЕЛДЕ БІЛІМ АЛУҒА АРНАЛҒАН ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

Үміткерлерге қойылатын талаптар

  • ҚР азаматы болу;
  • Жоғары академиялық көрсеткіштерге ие болу (орташа балл 2,75-тен жоғары болуы шарт);
  • Шет тілінде еркін сөйлеу, сертификатпен растау (бар болған жағдайда);
  • Факультетте конкурстық іріктеуден өту.

 Білім алушылардың шетелге іс-сапарға шығу үшін қажетті құжаттар

  1. Форма бойынша ректордың атына өтініш үлгісі
  2. Ұсыныс хат (декан)
  3. Жеке оқу жоспары
  4. Оқу транскрипті
  5. Негізгі оқу жоспары
  6. Шетелге шығу үшін белгіленген үлгідегі медициналық анықтама (№082 форма)
  7. Шетелдік ЖОО-ның ресми шақыруының көшірмесі
  8. Екі жақты келісімшарт
  9. Хаттама
  10. Кафедрадан хаттама

Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде жасалынған келісім-шарттар мен меморандумдар тізімі…