ERASMUS+ БАҒДАРЛАМАСЫ ТУРАЛЫ

Эразмус+ — Еуроодақтың білім беру мен оқыту, спорт және жастар саясаты салаларындағы академиялық ұтқырлыққа, әріптестікке, жобаларға қолдау көрсетуге бағытталған 2014-2020 жылдарға арналған жаңа бағдарламасы.
Ағылшын тіліндегі толық ақпаратты мына сайттан көруге болады: http://ec.europa.eu/programmes/erasmus-plus/index_en.htm.
Эразмус+ бағдарламасы білім беру мен оқыту жүйесінің тұрақты дамуы мен жаңартылуына, спорт және жастар саясатын дамытып, қолдау көрсетуге, сондай-ақ азаматтардың қабілеттерін арттыру арқылы олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін жеңілдетуге бағытталған. Жаңа бағдарлама адами құндылықтарға салынатын инвестициялар көлемін айтарлықтай арттыруды көздеп отыр.

ERASMUS+ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША СЕРІКТЕСТЕР

Бұл бағдарлама 2007-2013 жылдарда жұмыс істеген «Өмір бойы білім алу» (Эразмус, Леонардо да Винчи, Комениус және Грюндтвиг), «Жастар іс-қимылы», «Бес халықаралық ынтымақтастық» (Эразмус Мундус, Темпус, Альфа, Едюлинк және өнеркәсібі дамыған елдермен ынтымақтастық) бағдарламаларының біріктірілуінен жасалған. Еуроодақтың негізгі бастамаларының мұндай бірлестігі бағдарламаның құрылымын ұтымды етуге ықпал етеді, алдағы уақытта гранттарға өтініш беру барысын жеңілдетеді, қаржы құралдарын қолдану тиімділігін арттырады және қайталауларды болдырмауға, қолданыстағы бағдарламалардың бөлшектенуіне жол бермеуге ықпал етеді.
Бағдарламаның халықаралық өлшемі (яғни серіктес елдермен әріптестігі) жоғары білім мен жастар саясатына басым бағыт береді. Жоғары білім беруде екі бағдарлама (бірлескен магистрлік дәреже алу және Жан Моне бағдарламасы) Еуроодақтың ішкі бюджетінен қаржыландырылады. Басқа екі бағдарлама (кредиттік тұтастық және мүмкіндіктерді арттыру) сыртқы әріптестікті дамыту қорынан қаржыландырылады.