МӘУЛАНА АТЫНДАҒЫ ӨЗАРА СТУДЕНТТЕР МЕН ОҚЫТУШЫЛАР АЛМАСУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мәулана атындағы өзара студенттер мен оқытушылар алмасу бағдарламасы ел ішінде білім беретін жоғары оқу орындары мен шетелде білім беретін жоғары оқу орындары арасында өзара студенттер мен оқытушылар алмасу шараларын жүзеге асыратын бағдарлама болып табылады.
Бұл бағдарлама арқылы студенттер ең кемі бір, ең ұзағы екі семестр бойы білім алуға; ал оқытушылар ең кемі 1 апта, ал ең ұзағы 3 ай мерзім көлемінде Түркияның жоғары оқу орындарында дәріс беруге мүмкіндік алады. Сонымен қатар әлемнің барлық аймақтарынан да студенттер мен оқытушылар Түкияның  жоғары оқу орындарына келіп, білім ала алады.
Осы бағдарлама шеңберінде өзара студент алмасу шараларына күндізгі бөлімде білім алатын арнайы базалық білімі бар, бакалавр, магистратура және докторантура академиялық дәрежесіне ие болған білім алушылар қатыса алады.
Мәулана атындағы өзара студенттер мен оқытушалар алмасу бағдарламасына өтініш беру (қабылдау) шарттары:
арнайы базалық білім және бакалавр академиялық дәрежесінде білім алатын студенттердің жалпы орташа үлгерім көрсеткіші 4 (төрт) балдық жүйемен есептегенде ең кемі 2,75 (екі жетпіс бес) болу керек;

  • арнайы базалық білімінің бар болуы және бакалавр академиялық дәрежесінде білім алатын студенттердің жалпы орташа үлгерім көрсеткіші 4 (төрт) балдық жүйемен есептегенде ең кемі 2,75 (екі бүтін жүзден жетпіс бес) болуы керек;
  • магистратура және докторантура академиялық дәрежесінде білім алатын білім алушылардың жалпы орташа үлгерім көрсеткіші 4 (төрт) балдық жүйемен есептегенде ең кемі 3 (үш) болуы керек;
  • тіл емтиханынан алған ұпайдың 50%-ы мен орташа үлгерім бағасының 50%-ы есептеледі;

Арнайы базалық білім жоқ және бакалавр академиялық дәрежесі бойынша 1-курста оқып жүрген студенттер мен дайындық факультетінің тыңдаушылары, сондай-ақ дайындық және ғылыми дайындық деңгейлеріндегі магистранттар мен докторанттар оқуға қабылданған жылдың алғашқы семестрінде бұл бағдарламаға қатыса алмайды.
Мәулана атындағы өзара студенттер мен оқытушылар алмасу бағдарламасы бойынша Түркия Республикасының жоғары оқу орындарында білім алу үшін ХҚТУ-де арнайы ұйымдастырған екі кезеңдік емтиханнан өтуі тиіс:
1-кезең  — тестілеу
2-кезең – сұхбаттасу
Ескерту: Мәулана атындағы өзара студенттер мен оқытушылар алмасу бағдарламасына құжат ұсынушы білімгерде Юнус Эмре институтының түрік тілінен берген В1 сертификаты болған жағдайда қабылдау емтиханынан босатылады.