Біліктілікті арттыру

Үздіксіз білім беру институты нарықтық сұранысқа сәйкес педагогика, медицина, арнайы кәсіптік салалар бойынша кәсіби мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарын жүзеге асырады. Тыңдаушыларды оқыту барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерін, мемлекеттік стандарт талаптарын басшылыққа ала отырып, салалардағы заманауи технологиялардың әдіс-тәсілдерін меңгертеді. Курс соңында сынақ тапсырған тыңдаушыларға белгіленген үлгідегі сертификат (куәлік) беріледі. Біліктілік арттырушы тыңдаушыларға еліміздегі және шетелдегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, салалар бойынша өз ісінің тәжірибелі мамандары сабақ береді.