Оқу үдерісін ұйымдастыру

— Курс тыңдаушысы жеке өтініші негізінде университет ректорының бұйрығымен курсқа қабылдана алады;

— Тыңдаушылар контингенті кәсіптік сала қызметкерлерінен, кәсіпорын жұмысшыларынан, студенттерден, уақытша жұмыссыздардан, жұмыссыздардан, егде жастағы және мүмкіндігі шектеулі жандардан құралады;

Тыңдаушылар:

— білім беру бағдарламаларының  мазмұнына сәйкес оқитын пәндерін таңдай алады;

— факультеттер мен кафедралардың кәсіби қызметіне сәйкес нормативтік, нұсқаулық, оқу-әдістемелік құжаттарды, кітапхана материалдарын, ақпараттық қор мен басқа да қызмет түрлерін пайдалана алады;

— конференцияларға, семинарларға, басқа да оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу шараларына қатысып, қорытынды аттестация тапсырмалары бойынша орындаған оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен материалдары негізінде университет басылымдарына жариялана алады;

— оқу курсын сәтті аяқтаған соң Өкілетті Кеңестің 2008 жылғы шешіміне сәйкес «Kurumsal   kimlik  çalışması» («Университеттің құрылымдық куәлігі») құжатында бекітілген үлгі бойынша куәлік (сертификат) ала алады.