Ғылыми кітапханa

Университет  ғылыми  кітапханасының мақсаты — профессор-оқытушылар   құрамын, білімгерлер мен ғылыми қызметкерлерді  оқу-іздену барысында  оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми басылымдар және электронды ресурстармен қамтамасыз ету. Казіргі  таңда  1 миллионға жуық  кітап қоры бар. Жыл сайын кітапхана қоры жаңа басылымдармен толықтырылады. Кітапханамыздың ақпараттық инфрақұрылымында университетіміздің оқытушы – профессорларының ғылыми еңбектері, оқулықтар, монографиялар, диссертациялар, классикалық көркем және педагогикалық  әдебиеттер, ХІХ ғасырдың  соңы мен ХХ ғасырды  қамтыған ескі басылымды кітаптар, дәстүрлі және реферативті журналдар, мерзімді басылымдар жинақталған.  Ғылыми  кітапхананың жалпы аумағы – 6962,93 шаршы метр.

Ғылыми кітапханада  465 орынды,  7 оқу залдарында  кітап  қоры әр сала бойынша ашық түрде орналасқан. Оқу залдарында  дайындалушыларға  арналған жеке  кабиналар қарастырылып, соңғы модельдегі компьютерлермен жабдықталған.     «Ғылыми  әдебиеттер»  оқу залы авторефераттар және диссертациялық   жұмыстармен тұрақты толықтырылып отырылады. Сонымен қатар,  ғаламтормен жұмыс жасау, web-ИРБИС 64 электрондық каталогы және электрондық толық мәтінді деректер базаларының қызметін қашықтықтан пайдаланушыларға арналған  электронды оқу залы оқырмандарға қызмет көрсетеді.

Кітапханада ұлы ойшыл Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармашылығын  насихаттайтын  жеке оқу зал ашылды және Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Рахманқұл Бердібай атындағы «Түркология» оқу залы жұмыс жасайды.

Көпшілік шаралар өткізуге арналған (конференция, кездесу, диспут,)  95 орынды екі конференция залдары бар. Оқырмандардың тиімді демалуларына арналған  әр қабатта  демалыс орындары қарастырылған, 110 орынды  кафетерий  оқырмандарға қызмет қөрсетеді.

Ғылыми кітапхананың жұмыс кестесі:
Сағат 9.00- 20.00
Сенбі күні 9.00-17.00
Демалыс күні Жексенбі