Симуляциялық орталық

Қазіргі таңдағы медицина саласындағы білім беру стандарттарына толық сәйес болу үшін 2013-2014 оқу жылынан бастап практикалық дағдылар орталығы ашылды. 2015-2016 оқу жылынан бастап симуляциялық орталық болып өзгерді.
Бұл орталықта білім алушылар медицина саласының түрлі бағыттары бойынша тәжірибелік дағдыларын үйренеді және жетілдіреді.
Орталықтың негізгі мақсаты — келешектегі медицина саласындағы кәсіп мамандарының тәжірибелік дағдыларды игеруі мен жетілдіруін методологиялық, материалды — техникалық қолдау болып табылады.

Орталықтың жұмысы келесі ұстанымдарға негізделген:

  • Білім алуда, тәжірибелік дағдыларды игеруде әрбір білім алушыны кешенді оқу-әдістемелік құралдарымен, медициналық муляж және манекендермен, робот- симуляторлармен қамтамасыз ету;
  • Тәжірибелік дағдыларды үйретуде және бағалауда білім берудің озық тәсілдерін қолдану;
  • Курстан курсқа өткен сайын күрделі дағдыларды игеру;
  • Орталықты ақпараттық-әдістемелік және материалды техникалық базамен үнемі жетілдіріп отыру.

Қазіргі таңда орталық медициналық муляж, манекендермен және мүмкіндігі жоғары технологиялық робот-симуляторлармен қамтамасыз етілген.